Сәби оқулары жобасы туралы

Біздің қор қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» атты жаңа жобасы аясында Алматының белгілі «Stepe & World Publishing» баспасымен ынтымақтастықты бастады. Баспа үйі тек қазақтілді аудиторияға арналған кітап шығаруға маманданған. Компания каталогында балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған қазақ тіліне аударылған әлемдік бестселлерлер бар.

Әсіресе, біздің жобамыз үшін баспа 800-ден астам ең қызықты және танымал кітаптарды тегін береді. Біздің қор екі рет басып шығарған Ділдә Матай қызының ертегілер жинағымен бірге Қазақстан Республикасының балалар әлеуметтік мекемелеріне таратылады.

Қазақ мәдениетін сақтау және дамыту – «Сәбидің» ұзақ жылдар бойы қордың түрлі жобаларында жүзеге асырылып келе жатқан маңызды мақсаттарының бірі. Осылайша, 2012 жылы Christie's аукцион үйінің қолдауымен қор Нью-Йоркте қазақтың көне зергерлік бұйымдарының ауқымды көрмесін ұйымдастырды.  Іс-шара Батыс жұртшылығы үшін Қазақстан мәдениетінің нағыз ашылуы болды. Сондай-ақ, 11 жыл бойы мемлекеттік тілде ақындар мүшәйрасын өткізіп, қазақтың жас ақындарының бірнеше жыр жинақтарын шығардық. Ал ұлттық аспаптық музыканы кеңінен насихаттау мақсатында қор 2021 жылы бірінші республикалық «Домбыра-Дастан» домбырашылар байқауын бастады.

"Нағыз отансүйгіш адам өз елін қандай болмасын және каншама қиындықтарды басынан кешпесін әрқашан мақтан тұтады. Біздің, қазақстандықтардың, бұл орайда жолымыз болды – жеріміз кең байтак, тарихымыз терең, мәдениетіміз бай, табиғаты көркем елміз. Біз отанымызды ардақтаймыз, сүйеміз.

Ал біздің бай және терең тіліміз халқымыздың рухын, жан дүниесін көрсетеді.

Біздің Қор ұйымдастырған «Сәби оқулары» жобасы қазақ сөз өнерінің танылуына жасалған аз да болса үлесіміз болып табылады", - Әсел Тасмағамбетова.

18.07.2023
16.06.2023
«Сәби оқулары» жобасы

Құрметті достар, әріптестер және «Сәби» Қорының серіктестері! Қорымыздың құрылғанына 21 жыл толуына орай, біз қазақ…

«Білім беру» бағдарламасы
12.05.2023
Орал қаласы үшін…

2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны бастады, оның…

«Білім беру» бағдарламасы
24.11.2022
EdCrunch конференциясы 2022

Әсел Тасмағамбетова EdCrunch Reload: «Ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы» атты халықаралық білім беру конференциясына…

«Білім беру» бағдарламасы