«Сәби оқулары» жобасы

Құрметті достар, әріптестер және «Сәби» Қорының серіктестері!

Қорымыздың құрылғанына 21 жыл толуына орай, біз қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» жобасын бастауы туралы қуана хабарлаймыз.

Балалық шақ - бұл адамның кейінгі өмірін анықтайтын ерекше уақыт. Біздің, яғни ересектердің, басты міндетіміз – ол балаларды сүйіспеншілікке бөлеп, көңіл аударып, қолайлы орта құрып, әрбір баланың жеке даралығын табуға мүмкіндік беретін еркіндікті қамтамасыз ету екенін ұмытпауымыз қажет.

Бұл мәселені шешудің ең маңызды құралдардың бірі -  ол кітап.  Кітап оқу арқылы,  баланың ой - өрісі кеңейеді, ойлауға үйренеді, сөйлеу және есте сақтау қабілеті дамиды.

«Сәби оқулары» жобасының бірінші кезеңі жазушы, ұстаз, қоғам қайраткері Ділдә Матайқызының балаларға арналған ертегілер кітабын қайта басып шығару болды.

«Әселге айтқан ертегілер» – Ділдә әженің немересі Әселге айтып берген қазақ тіліндегі тартымды, тағылымды, ойлы, дана ертегілердің екі томдық жинақ.

Кітаптардың бірінші басылымы 16 жыл бұрын жарық көрді. Ал жаңартылған, жарқын дизайнмен және түрлі-түсті авторлық суреттермен безендірілген басылымның тұсаукесері жақында балаларды қорғау күнінде Ш.Уәлиханов атындағы жеке мектеп қабырғасында өткізілді.   

Әсел Тасмағамбетова келген қонақтар мен бүлдіршіндерге жаңа кітаптар жинағын өзі ұсынып, Ділдә әжесін еске алды:

«Мен балалық шағымды атам Нұрғали мен Ділдә әжемнің қолында, қара шаңырағында өткіздім. Тұңғыш немере болғандықтан шығар, мен керемет сүйіспеншілік пен құрметке бөленіп өстім.

Мені қаншалықты еркелетсе де, еркінсітпеді, керек жерде қатал ұстады.  Қыз бала болғаннан кейін адалдыққа, инабаттылыққа бұрмалады.

Оны да өз жолымен, - әдемі мысалдармен, әңгіме мен ертегілер арқылы жеткізе білді. 

Осылайша мен кішкентай кезден бастап мен ертегілер арқылы мен өмірдің ақ-қарасын ажыратуды түсіндім.

Кейіннен өмірімді еліміздің болашағы үшін білім беру, қайырымыдылық және әлеуметтік жолдарымен байланыстырғаным ата-әжемнің әңгімелері мен ертегілерінің әсері деп ойлаймын».

«Сәби оқулары» – Қордың кезекті қайырымдылық жобасы. Ертегі кітаптары Қазақстан Республикасының балалар білім беру ұйымдарына тегін таратылады.

 

08.06.2023
18.07.2023
Сәби оқулары жобасы туралы

Біздің қор қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» атты жаңа жобасы аясында Алматының…

«Білім беру» бағдарламасы
12.05.2023
Орал қаласы үшін…

2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны бастады, оның…

«Білім беру» бағдарламасы
24.11.2022
EdCrunch конференциясы 2022

Әсел Тасмағамбетова EdCrunch Reload: «Ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы» атты халықаралық білім беру конференциясына…

«Білім беру» бағдарламасы