Орал қаласы үшін робототехника орталығы

2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны бастады, оның аясында ҚР жалпы білім беру ұйымдарында заманауи робототехника кабинеттерін күрделі жөндеу және инновациялық жабдықтармен жарақтандыру жүргізілуде.

Бүгінгі таңда мұндай кабинеттер төмендегі ұйымдарда жұмыс жасайды:

- Алматы қ. №174 мектеп-гимназиясында 2021 жылдың қазан айынан бастап;

- 2022 жылғы мамырдан Петропавл қаласының №7 орта мектебінде;

- Семей қаласының балалар мен жастар шығармашылық сарайы базасында 2022 жылдың қыркүйегінен бастап.

Біздің жобаның төртінші нысаны - Орал қаласы. Оқушылар сарайы негізінде қаланың барлық оқушылары үшін жаңа робототехника орталығы ашылды. 

Қордың күшімен бұрынғы компьютерлік сыныпты толық қайта құру жүргізілді: тозуға төзімді линолеум жабыны, терезелерді қалпына келтіру, қабырғаларды дизайнерлік безендіру, жаңа есіктер орнату, электрлік жабдықтау және жарықтандыру жүйелерін жаңғырту.

Кабинет ең заманауи интерактивті техникамен жабдықталған, 1-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған "Заттар интернеті", Lego, "Амперка", "Матрешка", 3D принтер, датчиктер, роботтар, конструкторлар және басқа да инновациялық жабдықтар сатып алынды. Жаңа эргономикалық жиһаз орнатылды.

Жөндеудің жалпы ауданы - 100 ш. м. Жобаның құны 28 миллион теңгені құрады.

Жөндеу мен жабдықтаудан басқа, орталықтың оқытушылары үшін жаңа жабдықты пайдалана отырып, "Робототехника" пәні бойынша оқыту шеберлік сыныбы өткізілді.  

Қор ашқан кабинеттер еркін қолжетімділікпен тегін жұмыс істейтінін атап өту керек. Бұл барлық балаларға, соның ішінде әлеуметтік осал санаттағы балаларға сабаққа тұрақты түрде қатысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, робототехника сыныптарындағы сабақтар республикалық олимпиадаларға қатысу үшін команда құруға мүмкіндік береді, бұл – өзін танытуға және ҚР және шетелдің үздік жоғары оқу орындарына түсуге тамаша мүмкіндік.

12.05.2023
18.07.2023
Сәби оқулары жобасы туралы

Біздің қор қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» атты жаңа жобасы аясында Алматының…

«Білім беру» бағдарламасы
16.06.2023
«Сәби оқулары» жобасы

Құрметті достар, әріптестер және «Сәби» Қорының серіктестері! Қорымыздың құрылғанына 21 жыл толуына орай, біз қазақ…

«Білім беру» бағдарламасы
24.11.2022
EdCrunch конференциясы 2022

Әсел Тасмағамбетова EdCrunch Reload: «Ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы» атты халықаралық білім беру конференциясына…

«Білім беру» бағдарламасы