«Сәби» Жекеменшік Қайырымдылық Қоры» коммерциялық емес ұйымы қызметіне «балалар айрықша қамқорлық пен көмекке құқылы» деген «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясының» пікірін негізге ала отырып, 2002 жылы құрылған.
Осыдан Қор жұмысының негізгі бағыты:
• балалардың денсаулығы және олардың нығайып өсуі
• руханият және білімнің қолжетімділігі
Өз белсенділігін қоғамның ең қорғалмаған жігіне бағыттай отырып, «Сәби» қоры жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік-қорғалмаған отбасылардағы дарынды балаларға, денсаулығында ауыр кінәраты бар балаларға, сондай-ақ, негізгі мақсатар өрісін ұлғайта отырып, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсетумен айналысады.
Біздің миссия
«Сәби» қорының миссиясы жұртшылықтың қайырымдылық саласын түсінуіне жәрдемдесуде, филантропияны қайырымдылық көмек алушыларға тиімді және демеушілерге тартымды етуде.
Біз 50-60 жылдары ең ірі қорлардың жақтаушылары салауаттылықты адамның міндетті құқықтарының бірі еткен кездерде орын алған қайырымдылық қозғалысының тарихи қателіктерін қайталамауға тырысамыз. Мұндай қор саясаты тәуелділікке бойы үйреніп қалған және әлеуметтік дербестікті қаламайтын адамдардың бірнеше ұрпағының өсуіне алып келді.
Алайда филантропия — бұл құрбан етілген ақша санын құр өлшеу ғана емес. Оның мәні соның көмегімен адамдардың бұл игіліктерді иеленетін қаражаттай емес тұтынушылық игіліктерді бөлістіруде. Ежелгі қытай философы Лао Цзы айтқандай: «Егер мұқтажға балық беретін болса, ол күні бойы тоқ жүреді, егер оған қармақ беретін болса – ол өмір бойы тоқ жүреді».
Біздің ұстанымға сүйенсек, өмір белсенді филантроптардың емес, адамдардың өз күштерімен өзгертілуі тиіс – филантроптар жай ғана осы өзгерістерге бастамашылық жасайды.
Миссияны бұлай түсіну Қордың қоғамдық маңызды және мониторинг, жоспарлау, технологиялылық және нәтижелерді бақылау принциптеріне мақсатты бағытталған қызметті жүргізуін алдын ала анықтайды.