Біз екі қайырымдылық қорына қаржылық қолдау көрсететін болдық

Коронавирустық пандемия мен жаһандық дағдарыстың экономикалық зардаптарын барлығымыз сезіп келеміз. Бұл жағдайда жеке тұлғалар мен компаниялардың қайырымдылық көмектерімен жұмыс жасайтын қайырымдылық қорлардың жағдайлары осал болды. Шынында да, қайырымдылық көмек көрсету туралы айтпағанда, коммерциялық құрылымдар өздері де қиын жағдайда болып жатыр. Көптеген қорлар жұмысты бұрыңғы көлемде жалғастыра алмайтыны немесе мүлдем жабылатындары анық.

Қазіргі заман адамдардың мәнін көрсететін лакмус қағазға ұқсайды. Жалпы, біз қазір бәріміз бірігіп, біртұтас болуға тырысуымыз керек. Негізінен қайырымдылық саласында ешқандай бәсекелестік болмау керек және олардың ішінен ең үздігін таңдауға болмайды.  Әрқайсысы өз ісін өз орнында жүргізеді. Мақсатты жұмысты жүзеге асыратын кішкентай, бірақ кәсіпқой қорлар үлкен құрметке лайық.

Осыған байланысты «Сәби» қоры қайырымдылық бағытта өз әріптестеріне қолдау көрсетуге шешім ұйғарды. Экономикалық дағдарыс кезінде аяққа тұруға көмектесу үшін екі қазақстандық қорға барлық әкімшілік шығындары мен жалақы бойынша төлемдеріне 3 ай мерзімге қаржылық көмек көрсетілетін болады.

Бұл - жағдайы төмен отбасыларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсететін «Шұғыла» қоры және егде жастағы азаматтарға, аз қамтылған және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тегін түскі астар ұйымдастыратын «Расима Фудбанк Казахстан» қоры. Біз бұл ұйымдардың жұмысын ұзақ уақыт бақылап отырамыз және олардың қызметінің нәтижелерін көрдік.

Біздің қолдауымыз тек ақша ғана емес. Қиын жағдайға тап болған адамдар үшін бұл көмек психологиялық тұрғыдан да пайдалы. Шынында да, егер біреу сізге назар аударып, көмектесуге дайын болса, тіпті сіз өзіңіз сұрамасаңыз да, бұл сіздің жұмысыңызға қажет және маңызды екендігіне шабыттандырады және сенімді арттырады.

Қазіргі уақытта «біздің қанатымыздың астына» тек екі қазақстандық қорды ала аламыз, бірақ егер басқалар біздің ісімізді үлгі тұтса, көп адам бақытты болады.

Біз таңдалған қорларға үш айлық қолдау көрсетеміз, бұл оларға өздерінің жауапкершілігі мен жүктемелерін жеңілдетуге, жаңа жолға бағдарлауға және тұрақтылыққа ие болуға мүмкіндік береді. Егер біз оларға жұмысты тоқтатпауға, әрі қарай жүруге көмектесе алсақ, болашақта бұл қолдау тұтастай қайырымдылық секторына үлкен және маңызды нәтиже береді.

Әсел Тасмағамбетова, «Саби» қайырымдылық қорының президенті

01.07.2020
26.05.2021
Saby&Bvlgari қайырымдылық кеші

                          Он жылдан астам уақыт ішінде «Сәби»…

Оқиға
18.05.2021
Samal Water «Сәби» Қорымен…

Отандық Samal Water ауыз су бренді «Сәби» Қорымен бірлесіп, Ақтау қаласынан шұғыл медициналық көмек…

Оқиға
14.05.2020
Әсел Тасмағамбетова:…

«Медициналық қызметтер деңгейін бағалау критерийлерінің бірі, менің ойымша, шұғыл көмектің тиімді жетік жүйесінің болуы…

Оқиға