«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл…
«Сәби» Қоры көп жылдар бойы өз тарихын жоғары деңгейде қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Біз 2008 жылдан бастап қаражат жинау және филантропия мәдениетін қолданып келемі, сол жылы Лондондағы Christie's аукцион үйінің қолдауымен Қор қазіргі заманғы өнердің халықаралық көрмесін және 1 000 000 АҚШ долларын құрайтын алғашқы рет қайырымдылық аукционын ұйымдастырдық. Бұл қаражатқа Қазақстанның аймақтарында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тегін тасымалдау қызметі үшін толық жабдықталған инватакси машиналары сатып алынды. Ал 2012 жылы қазақтың көне зергерлік бұйымдарының кезекті ірі көрмесі мен қайырымдылық аукционы Christie's қолдауымен Нью-Йоркте өтті. Іс-шара Батыс жұртшылығы үшін Қазақстан мәдениетінің нағыз ашылуы болды. Бір миллион доллар көлеміндегі қаражат «Әлем» бағдарламасы бойынша дарынды қазақ жастарын қолдауға жұмсалды.
Осы жылдар ішінде біз Dior, Messika және Damiani сияқты әйгілі әлемдік брендтермен қайырымдылық кештерін ұйымдастырдық, нәтижесінде «Балаларға шұғыл хирургия» жобасын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы шамамен 300 000 доллар жиналды.
Өткен жылы Алматыда Bvlgari зергерлік үйімен бірлесіп, Геннадий Головкин, Андрей Звягинцев және Зубайра Тухуговтың қатысуымен эксклюзивті қайырымдылық кеші мен аукцион өткіздік. 210 632 000 теңге көлемінде түскен қаражат Петропавл қаласындағы балалар хирургиясының шұғыл ғимаратын салуға жұмсалды.
Кеше Алматы театрында Bvlgari үйімен ынтымақтастық дәстүрін жалғастыра отырып, әлемге әйгілі опералық дива Хибла Герзмаваның салтанатты концерті және кең көлемді қаражат жинау шараларын өткізілді. «Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова театр сахнасынан барша көрермендерді жеке құттықтап, қайырымдылыққа атсалысқан барша жандарға алғысын білдіріп, жүрекжарды лебізін білдірді.
Одан кейін залды, дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі «Astana Ballet» симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен итальяндық классиканың тамаша бағдарламасымен орындаған, таңғажайып сұлу сопрано иесі Хибла Герзмава толықтай жаулап алды. Көрнекті әнші мен күйшілердің орындаушылық өнеріне жиналғандар ду қол шапалақтады зор ықыласын білдірді.
Концерттен кейін Қордың меценаттарымен және жақын достарымен керемет қайырымдылық кеші өтті, одан түскен қаражат Атырау қаласындағы балалар хирургиясының шұғыл құрылысына аударылады.
Шақырылған қонақтарға, достарға, серіктестер мен меценаттарға біздің әлеуметтік жобаларымызға атсалысып, қолдау көрсеткендері үшін, мінсіз ұйымдастырушылық, дарындылық пен жоғары кәсібилік үшін Ренат Гайсинге, тамаша кеш өткізгені және сенім білдіргені үшін Гаухар Әбіқаева мен Bvlgari зергерлік үйіне алғысымызды білдіреміз.
«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл…
Институтты осыдан 10 жыл бұрын «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова негізін қалаған, ол қоршаған ортаны…
Бүгін Алматы қаласында І республикалық балалар мен жасөспірімдер «Домбыра-Дастан» атты домбырашылар…