Семей қаласындағы шұғыл балалар хирургиясының жұмыс барысы туралы

«Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Семей қаласындағы сапары аясында, 2020 жылдың қаңтарында облыстық балалар емханасының негізінде Қордың күшімен салынған, Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесінің жағдайын біліп қайтты.

Хирургия ең озық медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, балаларға тиімді жедел және оңалту көмегін көрсету үшін ең жақсы жағдай жасалған.

Бөлім жылына 36 000-ға жуық өтініштерді қабылдайды және күніне 30-ға дейін шұғыл көмек көрсетеді. Ашылған уақыттан бері Қор жарақтандырған операциялық бөлімшелерде 723 күрделі операция жасады. Эндоскопиялық жабдық пен ламинарлы ағынды жүйенің арқасында балалардағы операциядан кейінгі асқынулардың қаупі және оңалту уақыты айтарлықтай қысқарды.

Кішкентай науқастардың емханада орташа емделу уақыты да төмендеді - хирургиялық емдеуден кейін толық қалпына келтіру 7-10 күнді құрайды.

Әсел Иманғалиқызын Семей университеті ауруханасының басшылығы мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы қарсыда,  сондай-ақ біздің Қордың қолдауымен ұйымдастырылған шеберлік сабақтарында Қазақстан және Ресейдің жетекші хирургтарынан тәлім алған дәрігерлер де ыстық ықыластарын білдіріп өз алғыстарын жаудырды.

 

23.09.2022
27.05.2024
Семей қаласына арналған…

Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…

Медициналық жоба
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба
27.12.2023
Қазақстан дәрігерлеріне…

«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…

Медициналық жоба