Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық кешін өткізді. Кеште өткізілген аукцион барысында Bvlgari зергерлік бұйымдарын сату және біздің қорға қайырымдылық жасау арқылы 53 000 000 теңге жиналды.
Түскен қаражаттың барлығын «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы аясында «Сәби» Қоры жасаған хирургиялық бөлімшелерді жабдықтау үшін жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға бағыттадық.
Бүгін міне нәтижесінде несеп-жыныс жүйесінің ауруларын анықтауға және хирургиялық емдеуге арналған жоғары дәлдіктегі цистоскоп, уретерореноскоп және барлық қажетті медициналық құралдарынан тұратын кәсіби эндоскопиялық жабдықтың жиынтығын шұғыл бабалар хирургиясына сатып алғанымыз туралы хабарлауға қуаныштымыз.
Айта кетейік, Петропавл қаласындағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасы Солтүстік Қазақстан облысының балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша жалғыз медициналық орталық болып табылады. Ауруханада жылына 14 мыңнан астам бала стационарлық көмекпен қамтылады, 78 мыңға жуық қабылдаулар өткізіледі, 50 мыңға жуық балаға шұғыл түрде емдеу шаралары жасалады. Мекеме қабырғасында барлығы 142 мыңнан астам жас пациент медициналық көмек алады.
Жаңа заманауи жабдықтар ауруханада урологиялық науқастарға мамандандырылған медициналық көмектің деңгейі мен көлемін сапалы жақсартып, қызмет көрсетілетін балалар санын арттырады.
Bvlgari үйіне, серіктестерге, қордың достарына және біздің құрметті меценаттарымызға көрсеткен қолдаулары, жоғары сенімдері және әлеуметтік жобамызды жүзеге асыруға атсалысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!
Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…
«Сәби» Қоры өзінің ауқымды қаражат жинау шараларын өткізу тарихын 2008 жылдан бастап жүргізуде. Осы жылдар бойы Қор…