Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан аймақтарындағы балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында «Шұғыл медициналық көмек балалар хирургиясы» республикалық жобасын бастады. Жоба аясында Алматы мен Семей қалаларында траматология және хирургиялық көмек бөлімдері ашылды. Ақтаудағы жөндеу-құрылыс жұмыстары соңғы сатыда. Келесі кезекте Петропавл қаласы тұр.
Дәрігерлердің кәсіби дайындығы салынған хирургиялық бөлімшелердің жабдықталу деңгейіне толық сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін Қор Ресей мен Қазақстанның үздік мамандарымен бірге олар үшін тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады және қаржыландырады.
Сонымен, осы айда Қор үш педиатр хирург пен бір травматологты Мәскеуге оқуға жіберді. Алматы және Семей қалаларында балалар хирургиясы бөлімдерінде жұмыс жасайтын мамандар еңбек сіңірген профессор Юрий Соколовтың жетекшілігімен Ресей медициналық үздіксіз кәсіби білім беру академиясында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Дәрігерлердің барып-келу, тұру және тамақтану шығындарының бәрін Қор көтерді.
Бір айлық курс теориялық және практикалық білім мен дағдыларды алуды, сондай-ақ қазақстандық балаларды емдеу және сақтау үшін жинақталған тәжірибені одан әрі қолдану мақсатында күрделі операцияларға тікелей қатысуды қамтиды.
Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…
«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…