"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…
Бұл идеяны «Өз бизнесіңді баста» сайыс түлектерімен кездесу кезінде «Сәби» қорының Президенті Әсел Тасмағамбетова ұсынды, ал қатысушылар оны үлкен құлшыныспен қолдады.
Жоба мақсаты – «Өз бизнесіңді баста» сайысының аясында кәсіпкерлердің үлкен әрі тиімді қоғамдастығын құру болып табылады. Бұл үшін біздің Қор барлық бұрынғы және алдағы жылдар финалға қатысушыларын біріктіретін интернет-платформаны жобалауға кірісті.
Жаңа алаң қатысушыларға өз жобалары туралы жаңалықтарды жария етуге, фотосуреттер мен видеоны орналастыруға, жаңа бизнесті қалыптастырудағы қиындықтар мен қателіктермен бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Әр түлек келесідей мүмкіндіктері бар жеке кабинетке қол жеткізе алады:
- әр қатысушының жеке қарқындылығын қадағалау
- бір-бірімен тапсырыстармен бөлісу
- қоғамдастық мүшелері арасында ерекше бағалық шарттарды қалыптастыру (қызметтер мен өндіріс)
- өз бизнесі мен әріптестірінің бизнесін талқылау
- сарапшылар мен әйгілі кәсіпкерлерді шақыру және т.б.
Сонымен бірге, сайтқа кірушілерде онлайн төлемдері жүйесі арқылы ұнаған стартаптарды өздігінен қолдау мүмкіндігі болады, қаражатты жаңа идеяларға салу қабілеті де – сәтті кәсіпкерліктің кепілі.
Платформаны ағымдағы жылдың күзінде іске қосу жоспарлануда.
"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…
Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…
«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…