«Сәби» қоры «?лем» - дарынды балаларды қолдау жөніндегі бұрын-соңды болмаған бағдарламаны іске қосуда!


"?лем" бағдарламасының мақсаты – дарынды балаларға, жасөспірімдерге, бозбалалар мен бойжеткендерге қолдау көрсету, олар біздің ойымызша Қазақстанда өте көп. Өкінішке орай, балалардың барлығының бірдей өзінің ең жақсы қасиеттері мен шеберліктерін байқатып, олардың соған нағыз баға беріп және дарынын әрі қарай қалай дамытып, қай жерде қолданып отыру керек екендігі жайлы кеңес бере алатын адамдарға көрсетуге мүмкіндігі бола бермейді. Осыны түсіне отырып біз өзімізге жауапты міндетті – осындай қолдауды қажет ететін балаларға соны көрсету міндетін қабылдадық.

?нтернет және біз таңдап алған ұлтаралық қатынасу тіліміз бізге еліміздің әрбір жас азаматына мынадай үндеу тастауға мүмкіндік береді:

- Өтінеміз, өзіңіз жайлы білдіріңіз!
- Өз дарыныңыз жайлы бізге әңгімелеп беріңіз!
- Бізге өз мүмкіндіктеріңізді көрсетіңіз!


?рбір сұрату қабылданып және мұқият қаралатын болады. Сіздің қабілетіңіз бен шеберлігіңізге өз саласының ең үздік мамандары баға береді. Жоғары кәсіпқой шеберлердің түйіні бізге нағыз дарынды адамдарды табуға мүмкіндік береді, солар үшін біз олардың ең жақсы қасиеттерін дамытып және келешекке дұрыс бағдар беру үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Бүгінде жас ұрпақты қолдауға арнап кәсіби күш-жігерімізді жұмсау – бұл біздің ортақ болашағымызға елеулі үлес қосу мүмкіндіктерінің бірі!

Толық ақпаратты Қорымыздың «?лем» бағдарламасын толық ауқымды жүзеге асыру мақсатында арнайы түрде әзірлеген жаңа, жас, жастар порталы alemsaby.kz беттерінен оқыңыз.

29.09.2010
20.09.2024
Атырау облысының…

Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…

Жаңалықтар
06.09.2024
Жаңа бронхоскоптың…

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…

Жаңалықтар
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар