"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…
«Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын алғанын қуана хабарлаймыз. Диплом, төсбелгі және арнайы куәлікті Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов жеке өзі табыстады.
Бұл атақ экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беру мен денсаулық сақтау саласында дамытудағы ерекше қызметтері үшін, белсенді мемлекеттік, қоғамдық және қайырымдылық қызметі үшін, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін беріледі.
Осы жылдың қаңтарында «Сәби» қоры тікелей Әсел Иманғалиқызының басшылығымен Семей университеті ауруханасының базасында балалардағы жедел хирургия бөлімін ашты. Хирургия ең заманауи және технологиялық құралдармен жабдықталған. Жалпы жұмсалған қаражат көлемі 250 000 000 теңгені құрады.
Пандемия кезінде қала дәрігерлеріне коронавирусты ақысыз тестілеу, киім-кешек пен көзге арналған линзаларды сыйға тарту сияқты бірнеше рет көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, Әсел Тасмағамбетова Семейдің «Инватакси» көлік қызметін дамытудың бастапқы кезеңінде тұрып, оған арнайы жабдықталған екі автокөлікті сыйға тартты.
Сонымен қатар, «Сәби» қоры Семейдегі балалар әлеуметтік мекемелерінде 4 спорттық нысанды салған. Абай елінде дүниеге келген талантты балалар да білім беру жобалары бойынша Әсел Тасмағамбетованың атынан қолдауға ие болған.
"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…
Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…
«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…