Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…
Әлемге әйгілі халықаралық ұйым қиын жағдайда қалған және қараусыз қалған балаларды отбасы үлгідегі ортада тәрбиеленуге мүмкіндік береді, олардың өз болашағын құруына көмектеседі, педагогикалық, медициналық және әлеуметтік бағдарламалар мен акциялар аясында балалар мен ересектерге көмек көрсетеді.
Мерейтойды атап өтуге арналған салтанатты шарада біздің Қордың Президенті Әсел Тасмағамбетоваға Қазақстандағы SOS балалар ауылдары ұйымының дамуына қосқан зор үлесі үшін ерекше алғыс айтылды.
Еске салайық, 2019 жылдан бері «Сәби» Қоры Алматы қаласының SOS балалар ауылының 12 коттеджін күрделі жөндеуден өткізіп, жабдықтауды қолға алған болатын. Біз ауыл үйлерін толық жөндеуден өткізіп, жайластыру жұмыстарын жүргіздік, жаңа тұрмыстық техника, ас үй мен басқа жиһаздар сатып алып, орнаттық. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасадық.
Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…
«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…
2015 жылы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) ресми жүзеге асырылғанға дейін, Қор қызметі мейірімділік, сапалы білім беру,…