Жас математиктердің қызықты өмірі

Жас математиктердің қызықты өмірі 2016 - 2017 оқу жылы "Сәби" Қайырымдылық Қорының қамқорлығындағылар үшін маңызды әрі нәтижелі өтуде. Олар «?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы аясында талантты жас математиктер курсына қатынасып жүр. Бұл курстар қатысушылардың оқу үлгеріміне оң нәтижесін беруде. Оның дәлелі ретінде балалардың алгебра және геометрия пәндері бойынша алғашқы тоқсанды жақсы бағамен аяқтағанын айта аламыз.

Математикаға баулитын бұл курс балалардың қабілетін арттырып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуіне септігін тигізеді. Осы уақытқа дейін 5 адам айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Акежан және Даулет Алибаев есімді ағайындылар Алматы қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебіне оқуға түсіп, олимпиадалық құрамда алдыңғы орындарға ие болды. Курстың келесі оқушысы Даутали Аяжан да Назарбаев интеллектуалды мектебіне физика-математика бағыты бойынша оқуға түсті. Жас математик Темирлан Толепбек Алматы қаласындағы #134 физика-математика бағытындағы гимназияға оқуға түсіп, биылғы жылғы республикалық Жәутіков олимпиадасының финалына жолдама алды.
Курс оқушылары түрлі деңгейдегі сайыстарда да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Мысалы, Максим Гура есімді оқушы РФМШ робототеxникадан өткен Республикалық олимпиадада олимпиада құрамасының құрамында 50 қатысушы команда арасынан 9 - орын иеленді. Олимпиадаға алғаш қатысып отырған Максимның командасы үшін бұл - үлкен жеңіс.

Сонымен қатар дайындық орталығы қамқорлығымыздағы балалар үшін ағылшын тілінен, физикадан, xимиядан тегін сабақтар жүргізеді, оқу барысында жеткен жетістіктерді дәріптеу мақсатында түрлі мәдени шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Оқушылар үшін нағыз нұсқаушы бола білген оқытушылардың мұндай жанкешті жұмысы сабаққа қатысудың 100 % - дық көрсеткішін көрсетуге және керемет нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

07.12.2016
12.04.2017
"?лем" Бағдарламасы…

Жас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар…

«Алем» бағдарламасы
01.03.2017
Жас ақындардың…

«Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.Басты…

«Алем» бағдарламасы
15.02.2017
?зрайльдегі студенттердің…

Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне ?зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік…

«Алем» бағдарламасы