"Өз ісіңді жаса-2017". Финалистер жайлы толығырақ

"Өз ісіңді жаса-2017". Финалистер жайлы толығырақ Үстел спорт ойындары бəріне арналған!

Балаларға арналған үстел үсті спорттық ойын өндіретін Balalaroom жобасы "Сəби" қайырымдылық қорынан 20 000 АҚШ доллары көлеміндегі грант алды.

"Біз жобаны бастағанда, ең алдымен өз балаларымды ойладым, - деді жоба жетекшісі Сергей Тейфель. - Дегенмен, жұмыс барысында, Ресей үстел үсті жəне спорттық ойындар Федерациясымен байланыс уақытында, бұл ойындар мүмкіндігі шектеулі адамдардың сырқаттан соң сауығуға үлкен үлесін қосатыны жайлы білдік. Алматы қаласындағы балалар интернатының бірінде болғанымызда, бұл ойын біздің елімізде де қажет екенін түсіндік. Сонымен жобамызды осы бағытта қолға алуды шештік."

Balalaroom жобасының бірінші кезеңінде жобаға қатысушылар өз қолдарымен Қазақстанда баламасы жоқ, 12 түрлі үстел үсті спорт ойындарын жасап шықты. Бұл ойындардың негізін Канада, Америка, Голландия, Франция, ?ндия жəне тағы көптеген елдерден алды. Əрбірі жеке спорттық тəртібі бар, қолжетімді жəне қызғылықты. Бұл ойынды ойнау барысында бала тек қызығушылықпен қана əуестенбейді, өз денсаулығын шыңдайды, жаңа достар табады, өз жеңістерінен ұмытылмас əсер алады.

" Біздің жұмысымыздың мақсаты - бұл əр отбасының бос уақытты белсенді əрі пайдалы өткізуі, - деп санайды "Сəби" қорының негізін қалаушылардың бірі Кеңес Ракишев. - Мен де əкемін! Басқа ата-аналар секілді мені де балаларымыздың смартфондарда көп отыруы алаңдатады. Олардың қоғаммен байланысына, денсаулығы смартфондар тек залал тигізеді.

Balalaroom - бұл балаларға , сонымен қатар ата-аналарға арналған ойын кеңістігінің жүзеге асуы. Кез келген уақытта келіп, балаларды ойын форматындағы жаңа бірнəрсеге үйретуге болады. Біздің қолдауымыз жобаның ауқымын кеңейтуге, ойындардың санының артуына, отбасылық бос уақыттың пайдалы өтуіне пайдасын тигізеді деп ойлаймыз.

Соңғы жарты жылдықтың ішінде Balalaroom ойынын 1000 нан аса бала ойнады. Жəне ешбірі ойын уақытында смартфонға үңілмеді.

05.05.2017
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар