"Өз ісіңді жаса-2017". Финалистер жайлы толығырақ

"Өз ісіңді жаса-2017". Финалистер жайлы толығырақ Қазақ тілі барлығы үшін

Қазақ тілінің көркемдігі мен тазалығын, байлығы мен тереңдігін ашу, қазақ мәәдениетінің негізі – әдебиетінің сан қырын таныту – біздің «Сәби» Қайырымдылық Қорының ашылған күнінен-ақ ұстанған бағыты болатын.
Қордың негізін қалаушы Кеңес Ракишев пен Асель Тасмагамбетова қазақ тіліне үйрететін онлайн платформа құру жөнінде шешім қабылдап, Qazaqstudy жобасын қолдайтын болды.

Жыл сайын өтетін конкурста аталған жоба Қордың атынан 20 000 АҚШ долларын құрайтын грантқа ие болды.

«Біз қазақ тілін үйретудің тиімді тәсілін ұзақ ойластырып, арнайы қазақ тіліне арнап жазған канадалық лингвистердің тәсілін таптық», - дейді жоба жетекшісі Константин Орлов. – Жеке орталығымызды ашып, жарты жылдың ішінде Алматы қаласында 100-ден астам тұтынушымызды қазақ тіліне үйреттік. Олар да нәтижеге қанағаттанғандарын айтып, қуаныштарын білдірді»

«Сәби» Қорынан бөлінген грант қазақ тілін үйрететін еліміздегі тұңғыш онлайн сервистің құрылуына көмектеседі. Ол сайт түрінде де, мобильдің қосымша ретінде де ұсынылады. Мысалы, сайтқа кірген оқушы оқытушымен бірге сабақ оқи алады. Ал, мобильдің қосымша пайдаланушысы өз деңгейін анықтайтын тест тапсырып, оқытушыны таңдап, әрі қарай үй тапсырмасын, қажетті материалдарды алып отыратын мүмкіндікке ие болады.

«Енді біз еліміздегі ғана емес, сырт мемлекеттердегі қазақ тілін меңгеруге ниетті көптеген адамның мүмкіндігіне жол ашамыз, - дейді Кенес Ракишев. «Онлайн платформа қазақ тілін білмейтін, бірақ оны үйренгісі келетін бірнеше адамның басын құрайтын виртуалды алаңға айналады»

Жобаны жасақтаушылар бұл сабақ әдеттегі курстарға қарағанда арзанға түсетіндігін айтады. Айырмашылығы – оқыту үшін арнайы мекемені жалға алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, оқушылардың саны да шектеусіз болады. Сөз соңында жобаның арқасында бірнеше оқытушы жас мамандарға жұмыс табылатындығына үлкен сенім білдіретіндерін атап өтті.

28.04.2017
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар