Көптен күткен машиналар келіп жетті

Көптен күткен машиналар келіп жетті «Сәби» қайырымдылық қоры жақсы жаңалықпен қуандыруға асығады – алматының мүгедектер қоғамына арналған «Volkswagen» маркасындағы арнайыландырылған автомобилдер: «Эльдани» Қорына арналған «Transporter» микроавтобусы, Алматы қалалық мүгедектер қоғамына (АҚМҚ) арналған «Caddy» екі жеңіл автомашинасы және Мүгедек балалардың ата-аналар ассоциациясына (МБАС) «Crafter» автобусы келіп жетті.

«Эльдани» мен МБАС арналған машиналар ауадай қажет болатын. Бұл ұйымдар жанында, психикалық және дене дамуының қиыншылығы бар балалар мен жастарға көмектесетін оңалту орталықтары жұмыс істейді. Бұл жерде балалармен қалпына келтіретін психологиялық және бейімдендіру іс-шаралары өткізіледі және бұрынырақта олардың көпшілігіне бұл жерге қоғамдық көлікпен жетуге тура келетін. Ал ендігі жерде оларды мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін арналған арнайы автокөлік тасып жеткізіп, үйді-үйлеріне жеткізіп салатын болды.

АҚМҚ екі автокөлік «?нватакси» паркін толтыру үшін пайдаланылады. Келесі кезекте біздің Қорымызбен сатып алынған және 5 айдың ішінде жеткізілетін тағы да екі «Caddy» машинасы тұр. Осылайша мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету мүмкіндігі елеулі түрде өсетін болады.

«Сәби» қоры ерекше адамдардың өмірін сәл де болса жеңілдетуге қадам жасаған және «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасын дамытуға үлес қосқан барлық филантроптарға шын көңілден алғыс айтады.

Фотосуреттер

19.03.2012
22.05.2023
"Инватакси" қызметтері…

Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
16.11.2018
Бизнес сайсының…

«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
27.04.2018
«Мүгедектерге – лайықты…

Осы жылдар бойы «Сәби» Қоры сатып алған 62 арнайы автомобиль бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»