Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен поэтикалық конкурс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен поэтикалық конкурсКонкурсты жариялау
2011 жылғы 01 қаңтар мен 01 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен поэтикалық конкурс (бұдан әрі - Конкурс) өткізіледі.

Конкурсты ұйымдастырушылар
«Сәби» жекеменшік қайырымдылық қоры» КЕҰ

Конкурсқа ашық қатысу
Конкурсқа қазақ тілінде жазатын авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және жасына мән берілмейді.

Конкурсты өткізу мерзімдері
Конкурс 2011 жылғы 01 қаңтар мен 01 мамыр аралығында өткізіледі.
Қорытынды шығару және Конкурстың басты қорытындыларын Конкурс сайттарында жариялау – 01 маусым, 2011 ж.


Конкурстың мақсаты
1. Қалың жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы балалар поэзиясына аудару.
2. Оқырман қауымға қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігін, тазалығын және мағына тереңдігін паш ету.
3. Қазақ тілін қазақ мәдениетінің әдеби және өнегелік негізі ретінде насихаттау.
4. Қазіргі заманғы дарынды қазақ тілді ақындарды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке, әдебиеттанушыларға және баспагерлерге ұсыну.
5. Олардың жұмыстарын балалар өлеңдерінің жинағына жариялауға қаржылай қолдау көрсету, шығармашылық дамуына және елге танылуына ықпал жасау.

Марапаттар
Негізгі жеңімпаз балалар өлеңдерінің жинағы басылымына 5 беттік тегін жарияланым басу құқығына ие болады, 2-ші орыннан 5-ші орынға дейін жеңімпаз атанған қатысушыларға балалар өлеңдерінің жинағына 2 бетке тегін жариялау құқығы беріледі.
Балалар өлеңдері жинағының редакциясы әр алуан авторлардың жіберген өлеңдерінің ішінен тегін жарияланатын өлеңдерді өз қалауы бойынша іріктейді. Бұған авторлар Өтінімде өздерінің жазбаша келісімдерін береді.

Конкурс шарттары
Конкурсқа әр түрлі жанрда қазақ тілінде жазылған, бұрын жарияланған, сол секілді ешқашан жарияланбаған саналы өлшемдегі поэтикалық шығармалар қатысады. Өлеңдердің тақырыптары: балалар өлеңдері.
?рбір өлең жеке қаралады, сондықтан бір қатысушының жіберген жұмыстарының санына қарай екі немесе одан көп жүлделі орындарға қатысуға құқы бар.
Конкурсқа қатысушының материалдарына қойылатын этикалық талаптар
Мынадай материалдарды жариялауға жол берілмейді:

лексикасы нормативтен тыс мазмұндағы;
экстремистік сипаттағы;
нақтылы бір адамдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін;
порнографиялық және сексуальдық сипаттағы;
балаларға жағымсыз кері әсер ететін;
ұлттық, нәсілдік немесе соған ұқсас өзге сипаттағы;
дінге қарсы және экстремистік сипаттағы;
өмірден түңілген сипаттағы.
Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін дербес жауапкершілік көтереді.

Қатысушының өтінімі
Конкурсқа қатысушы Ұйымдастырушылардың атына электронды пошта арқылы хат жолдайды, хатпен бірге:
конкурстық Өтінім тапсырады, осылайша Конкурс ұйымдастырушыларына өз шығармаларын Конкурс сайттарына және балалар өлеңдерінің жинағына қайтарымсыз жариялауға өзінің сөзсіз келісімін білдіреді;
өзі туралы қысқаша өмірбанядық анықтама береді (300 белгіден аспау керек);
өзінің өлеңдерін орналастырады.
Ұйымдастырушылар Конкурсқа қатысушының хатын алғаннан кейін, оның өтінімі мен жұмыстарын алдын ала қарап шығады, содан соң қатысушыға, егер оның жұмыстары Конкурсқа қабылданатын болған жағдайда, Конкурс Ұйымдастырушыларынан растау қағазы келеді.

Конкурстың жұмыс органдары
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың тікелей жүзеге асырылуын Ұйымдастырушылар өз мойнына алады.
Конкурстың редакциясы мен әділқазылар алқасы Ұйымдастырушылардың қалауымен жасақталады.
Конкурс редакциясының:
Конкурсқа арналған өлеңдерге алдын ала іріктеу жүргізуге құқығы бар.
Конкурс редакциясы Конкурсқа жолданған өлеңдерді редакциялау құқығын өз мойнына алмайды.
Редакция Конкурсқа жолданған өлеңдердің мазмұнына жауап бермейді.
Конкурс ұйымдастырушыларының:
әрбір автордың іріктелген шығармаларын Ұйымдастырушылардың сайтында жариялауға, бұл үшін авторлар Өтінімде өздерінің жазбаша келісімдерін береді;
өздерінің жұмыс қызметінде Конкурстың материалдарын пайдалануға құқығы бар.

Қатысушыға:
Конкурс редакциясы іріктеген өзінің ұсынған шығармаларымен кез келген ?нтернет пайдаланушыға ашық болып табылатын Конкурс сайттарына жарыққа шығуға;
жеңімпаз ретінде балалар өлеңдері жинағының басылымына өзінің таңдамалы жұмыстарын ақысыз ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Конкурс қорытындылары
Конкурс қорытындылары мыналар болып табылады:

Конкурс сайттарында жариялау;
әділқазылардың конкурс жеңімпаздарын анықтауы;
балалар өлеңдерінің жинағын бастырып шығару, бұл ретте жекелеген томдар қажетті материал көлемінің жинақталуына қарай кезең-кезеңмен шығатын болады;
Конкурс қорытындыларын ақпараттық хабарлау және баспаларға қатысушылардың байланыс нөмірлерін беру.
Ұйымдастырушылар Конкурстың барлық кезеңдерінде үздік жұмыстарды қосымша ынталандыру құқығын өздеріне қалдырады.

Қайырымдылық жасаушыларға
Біз Конкурстың жүлделік қорын ұлғайту және оның қолданылу аясын кеңейту, сондай-ақ балалар өлеңдері жинағының көлемі мен таралымын көбейту мақсатында кез келген заңды немесе жеке тұлғалардың көмегін қабыл аламыз.

Байланыс
Ұйымдастырушылардың ресми сайттары: www.saby.kz, www.alemsaby.kz
Өтінімдер тапсыруға және жұмыстарды жолдауға арналған электронды адрес: saby@saby.kz, erbaev@saby.kz
Барлық қажетті ақпаратты мына телефон алуға болады: (727) 311 29 38

22.11.2010
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар