Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Қазақстанның балаларға арналған ойыншықтар нарығы алуан түрлі пішіндер мен нұсқаларға толы, бірақ олардың қауіпсіздігі туралы әркім ойланбайды. «Өз бизнесіңізді құрыңыз» байқауының финалынан кейін апалы-сіңлілі Диана мен Татьяна Вавиловтар балалы аналар болғаннан кейін тек қана экологиялық таза материалдардан жасалатын ағаш ойыншықтары мен отандық өндірістегі жиhаз шығару мақсатында «Тоқылдақ ағай» жобасын ұйымдастырамыз деп шешті. Жобаның қалай дамығандығы туралы сайтымызға Диана мен Татьяна әңгімелеп берді.
Жобаның пайда болуы туралы
Диана: - Дүниеге қыз бала әкелгенімде мен жақсы ойыншықтар іздей бастадым, бірақ Қазақстаннан сапалы ағаш ойыншықтар таппаған соң, оларды АҚШ мен басқа елдерден тапсырыспен алдым. Көргендерімнің барлығы өткір бұрышты, түстері де біртүрлі. Бір күні маған бір ой келіп, сіңліме: «- Тыңдашы, сенің жұбайың сәулетші емес пе, ол ағаш шеберімен де жұмыс істейді. Бізге кубиктер жасап берсе қайтеді?» - деп сұрадым. Татьяна маған көмектесті, бізге кубиктердің бір партиясын жасатқызып берді. Олардың балама керектігін мен түсіндім, ондай заттардың нарықта да жоқ екендігін білдім. Мұның тамаша бизнес-идея екендігін айтып, Татьянаны мазалай бастадым, оны көндіруге жарты жыл кетті.
Екі жылдай бұрын, жазда, мен ағаш ойыншықтары туралы айта бастадым, жаңа жылға қарай Татьяна: «- Жақсы, жасап көрелік» - деді. Екі ай өткен соң біз кубиктердің алғашқы партиясын жасап шығардық. Біз оларды цехтағы жалғыз қолжетімді материал шағаннан жасадық.
Татьяна: - Қазір біз жергілікті материал қарағашқа ауыстық. Бұл, әрине, арзан ағаш емес, бірақ тым болмағанда, қарағаш әрдайым қолда бар. Плюс – ол жергілікті ағаш және біз көбірек жеткізушіні жұмысқа тартамыз. Ресейден әкелгеннен гөрі, жергілікті ағашты қолданған жақсырақ.
Алғашқы рет нарыққа шығу
Диана: - Жергілікті Instagram-блогерші бір шара ұйымдастырып жатқан болатын. Мен оның балалары бар екендігін білген соң, оған кубиктер сыйладым. Ал ол біз туралы парақшасына жазды. Кубиктер көпшілікке ұнады, ақырындап сата бастадық. Қазақстанда теңдесі жоқ сондай зефирлі әрі нәзік өнім жасағандығымыз туралы жаздық. Халық сапасын бағалады. Біз жақсы өнім шығарып жатқандығымызды түсініп, меншікті цехымызды ашу туралы ойлана бастадық. Сөйтіп, тәуекел етіп, өткен жылдың жазында цех сала бастадық.
Татьяна: - Ол шағын ғана үй-жай болатын. Цех емес, шеберхана десе де болады. Шамамен 200 шаршы метр. Өзімізге қажетті аздаған жабдық сатып алдық. Орыс, қазақ, ағылшын әріптері мен сандары бар кубиктер жасадық.
Бизнес-жоспар туралы
Диана: - Басында біз ешқандай есептер жасамадық. Қыста, байқауға қатысуға жақын, біз бұл іспен кәсіби түрде айналысатын адам тауып, бизнес-жоспар жасадық. Басынан бастап өзіміз үшін былай деп шештік: бизнес жүрсе – жүреді, ал жүрмесі – амал нешік? Осыған дейін ешқайсымыз өз ісімізбен айналыспаған едік, сондықтан барлығын үйрене келе білдік.
Татьяна: - Біз ресейлік өндірушілерге қарадық, өйткені біз үшін ол ең жақын нарық болды. Біздің нарығымызда ұқсас ресейлік тауарлар бар. Алайда олардың ағашы Қазақстандағыға қарағанда, әлдеқайда арзан. Қазір ресейлік ойыншықтардың бағасы қазақстандыққа қарағанда, қымбат. Тіпті біздің ойыншықтар мен ресейлік ойыншықтар сататын дүкен де бар. Көбінесе біздің ойыншықтар сұранысқа ие, өйткені дүкеннің ішінде тұрып, олардың сапасын салыстырып көруге болады.
Диана: - Біздің ойыншықтар, мысалы, «Голова в облаках» дүкенінде сатылады, сондай-ақ біз түрлі жәрмеңкелерге қатысамыз. Marwin-де сату жоспарымызда бар. Ол үшін жеткізілімдердің көлемі көп болуы керек, ал біз оған әлі дайын емеспіз.
Сатылымдарымыз негізінен маусымға байланысты. Жазда сатылымдар төмендеп, күзгі-қысқы кезеңде сатылымдар арта бастайды. Бірде кубиктер, бірде үстелдер, бесік арбалар жақсы өтеді. ?рқалай.
Грант алу туралы
Диана: - Керемет сезімде болдық. Өзімізбен өзіміз, сенетін адамымыз жоқ жүргенімізде қолдау тапқанымызға өте қуанышты болдық. Байқауға ойыншықтар жасайтын бірнеше шеберхананың қатысқандығын білеміз, олардың ішінен қазылар алқасының бізді таңдағандарына ризамыз. Олар бұйымдарымыздың сапасы жақсы екендігін, сапалы маркетинг талдамасын жасағандығымызды айтты. Бизнесті түсінетін адамдардың бағасы біз үшін маңызды. Енді сенімдерін ақтауымыз керек.
Грант туралы
Диана: - «Өз бизнесіңді құр» байқауында грантқа ие болғандығымыз біз үшін үлкен рөл ойнады. Оны ала алмасақ, қазіргідей өнім сұрыпталымын жасай алмас едік. Кубиктер мен құрастырғыштарды ғана жасар ма едік? Гранттың арқасында біз экологиялық таза, қауіпсіз балалар жиhазын шығара аламыз. Барлық жабдықты алған соң, біз ағаш ойыншықтары мен жиhаздың кез келген түрін жасай алатын боламыз. Қазір цехымыз кез келген ойыншықтарға бейімделген, кез келген батыстық компания шығара алатынды шығарамыз. Алынған гранттың арқасында біз Қазақстанда шетелде шығарылып жатқанның барлығын шығара аламыз.
Грантты пайдалану туралы
Татьяна: - Бірінші кезекте біз цехты кеңейттік. Оған бір жарым айдай уақытымыз кетті. Ол жұмыспен қатар біз жабдықтарға тапсырыс бердік. Бірін Алматыдан тапсақ, бірін ?талиядан алдыртпақшымыз. Жаңа жабдық біздің мүмкіндіктеріміз бен сұрыпталымымызды едәуір кеңейтеді.
Біз қымбат емес балалар жиhазының жаңа желісін әзірледік. Бұған дейін баптау, өнімді әзірлеу кезеңі болған. Орындықтарымыз бен үстелдеріміз Алматыдағы жергілікті балабақшалардың біріне қатты ұнады. Олар жиhазымызды сатып алғысы келеді, біз олардың тапсырысын жасап жатырмыз. Балабақша үшін, әрине, біз бағаны біраз түсірдік. Біз үшін бұл маңызды жоба.
Басынан бастап балалар жиhазын шығарғымыз келген, бірақ жабдығымыз болмаған. Енді болады.
Шабыт туралы
Татьяна: - Мен көптеген батыс дизайнерлердің жұмысын бақылап жүремін. Pinterest сайтынан балалар жиhазы мен ойыншықтарына қатысты біраз идеяларды назарыма аламын. Дизайнерлердің барлығы бір нәрсеге шабыттанады, бірақ біз міндетті түрде өзіміз де ерекше бір зат ойлап тапқымыз келеді.
Диана: - Жаңа оқу маусымында мектеп жасындағы балаларға арналған жиhаз – үстелдер мен ойыншықтар шығаруды ойластырып жүрміз. Нарықта мұндай өнім көп, бірақ біз қандай да бір ерекше және қымбат емес шешімдерді ұсынғымыз келеді.
Сұрыпталым туралы
Диана: - Біз үстелдердің, орындықтардың, ойыншықтарға арналған жәшіктердің, және, әлбетте, кубиктердің бірнеше түрін шығарамыз. Ұл балаларға арналған бесік арбалар, жүк таситын арбашықтар шығара бастадық. Конструкторлар шығару үшін білдекке тапсырыс беріп қойдық. Мұның бәрін ойлап тапқан біз емес екендігі белгілі. Мысалы, кәдімгі кубикті алсақ, ол әркімнің үйінде бұрыннан болған шығар? Бірақ бұл ойыншықтар біздің балаларымызға ұнайды, қызымның олармен жақсы ойнайтынын өзім де көріп жүрмін.
Біз ойыншықтарымыздың түстерін ұзақ әрі мұқият таңдаймыз. Боялмаған табиғи түстер немесе ойластырылған, ашық емес түстер көңілімізден шығады. Сонымен қатар бұйымдарымыздың барлық бұрыштарын тегістейміз. Ұсақ-түйектер өндірісіміздің аса маңызды үдерісі. Нарықтан іздестіріп жүріп, балаларға қауіпсіз бояқ таптық. Барлық бұйымдарымызға тек қана табиғи материалдар мен ағаштың қатты сұрыптарын пайдаланамыз.
Татьяна: - Мысалға, ресейлік өндірушілер қарағайды немесе жөке ағашын пайдалануы мүмкін. Біз оларды қолданбадық. Тексеріп көрдік те, олардың балаларға қауіпті екенін түсіндік, өйткені ондай ойыншықтардың нақыстары уатылуы мүмкін.
Меншікті сауда орны туралы
Диана: - Біз ол туралы армандаймыз. Оның болғанын өте қалаймыз, бірақ өнімнің жақсы сұрыпталымы қажет. Алайда қолда бар өнім сұрыпталымының өзімен соңғы жылы біз сатылымдарды еке есе арттырдық.
Қиындықтар туралы
Татьяна: - Қиындықтар, әрине, бар, атап айтқанда, кадрлармен. Толығымен көңіліңнен шығатын қызметкерлер табу өте қиын. Уақыт өте келе бұл мәселені де шешемін деп үміттенемін. Жауапты қызметкерлерді табу өте қиын. Дегенмен, бұл балалар ойыншықтары ғой, сондықтан партиялардың әрқайсысын өзіміз тексереміз. ?рбір қаптаманы түгел не мен, не Диана тексереді. Сапаны бақылау біз үшін аса маңызды.
Жоспарлар туралы
Диана: - Жеңіске жеткенімізге әлі сене алмай отырмын. Біз үшін бұл үлкен жетістік. Қолымыздан іс келгеніне шүкір. Жобаға бар күшімізді салудамыз, жұмысты бар ынтамызбен істейміз. Қызметіміз өзімізге ұнайды. ?йтпесе, өзімізге ұнамаған өнімді сатумен айналыспас та едік.
Татьяна: - ?лбетте, өнім сұрыпталымын кеңейту жоспарын тезірек жүзеге асырғымыз келеді, бірақ қазіргі кезеңде біз өніміміз бен тұтастай жобаны үнемі тұрақты жетілдірудеміз.
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…
"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…