Махамбет ауылында спорт және ойын алаңы ашылды

«Біз бұл алаңды аса қатты күттік», - деп, Атырау облысының Махамбет ауылында көпфункционалды спорт кешенінің ашылуына келген балаларымен бірге келген ата-аналар, өз ойларымен бөлісті. «40 градустық ыстықта жұмысшылардың бетон құйып, резеңке жабынды орнатып, жабдықтарды орнатқанын өз көзімізбен көрдік. Енді біздің балаларымыз бос уақыттарын орынды жұмсай алатына қуанамыз. Өйткені бүкіл ауылдың барлық балалары осы жерде екенін білеміз. Ал біз болсақ жайлы орындықтарда отырып дем алып немесе ересектерге арналған алаңда шынығып алсақ та болады».

Дәстүр бойынша ең бірінші сөз Махамбет ауданының әкімі Ж.Б.Ахметов берілді. Ол салтанатты лентаны кесіп, тұрғындарға туған жерінің 90 жылдығымен  құттықтай отырып, жобаның қайырымдылық мецентаы Әсел Тасмағамбетоваға үлкен алғысын білдірді.

Кешеннің ашылу рәсіміне арналған мерекелік іс-шара бағдарламасында Махамбет аулының кішкентай тұрғындары белсене қатысты, оларға түрлі конкурстар, ойындар мен эстафеталар өткізілді. Өз кезегінде ересектер мен балалар осындай керемет сыйлықты көптеген жылдар бойы күтуге және оны ұқыпты өолдануға уәде берді.

12.10.2018
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер