"?лем" Бағдарламасына - 1 жыл!

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры шағын ғана мерейтой атап отыр – «?лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының басталғанына 1 жыл толды, енді міне біз алғашқы нәтижелерімізді қорытындылайық деп отырмыз:

Бір жылда біздің комиссиямен 20-дан астам қала мен ауылдарда тұратын үміткерлерден келіп түскен 160-тан көп сұранымдар қарастырылды. 8 елді мекендерге Бағдарламамен таныстыру мақсатында Қор қызметкерлеріне іс-сапардар ұйымдастырылды.

Вокал саласындағы кәсіпқой мамандармен 8 балалардың шығармашылық тыңдауы өткізіліп, нәтижесінде бірегей дауыстары бар екі жас әншілер сұрыпталды, Қостанай қаласынан Жасұлан Сыдықов пен Алматы облысынан Алдыбергенов Тимур, Қазақ Ұлттық Косерваторияда оқуға құқық беретін грант иегерлері атанды.

Тағы да екі қатысушымыз, Ақтөбе облысынан Асанова Шамшырақ пен Петропавл қаласынан Лушникова Елена, «?лем» оқу гранттарын алып, беделді оқу орындарға түсті: Елена медициналық университетіне, ал Шамшырақ музыкалық колледжге.

1 жылға толған мерейтойымызды атап өту үшін, Петропавл қаласынан келген ең жас «әлемдік» - Роман Кузнецовтың жеке көрмесін ұйымдастрылды. Оның жұмыстары Алматы қаласындағы Көркем Көрме Дирекциясында көрермендер назарына ұсынылды. 

Сонымен қатар, біз «әлемдіктер» қатарына қосылуға ат салысқан, бірақ қандай да бір себеппен ілінбеген, қарқынды және жігерлі балаларды да өз тарапымыздан қолдаймыз. Мысалға, Семей қаласында тұратын бастаушы мүсінші Хаметов Ануар және жас ақынСолтанов Бекнур, ынталарын одан ары дамыту үшін сый ретінде «Сәби» Қорынан әрқайсысы ноутбук алды.

Тимур Бекмамбетовпен өзара ынтымақтастықпен жүзеге асырылған жоба –Сценарийлер байқауы, Қазақстанның түпкір-түпкірінен дарынды сценаристерді іздеу және сұрыптау бойынша үлкен жұмыс атқарылды, бұл сайыста жеңімпаз болып біздің отандасымыз Бахтиор Кадыров айқындалды.

«Сәби» Қорының медеуі болған балаларымыздың әрқайсысы үмітімізді ақтап, өз салаларында нағыз маман болуына сенімдіміз.

Ақ жол, тұңғыштарымыз – «әлемдіктер»!

23.08.2011
12.04.2017
"?лем" Бағдарламасы…

Жас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар…

«Алем» бағдарламасы
01.03.2017
Жас ақындардың…

«Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.Басты…

«Алем» бағдарламасы
15.02.2017
?зрайльдегі студенттердің…

Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне ?зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік…

«Алем» бағдарламасы