Бақытты өмір сүру – игі істерге қатысты болу

«Бақытты өмір сүру – игі істерге қатысты болу. Біз бақыт сезімін үнемі емес, белгілі бір сәттерде сезінеміз, ал қайырымды істерді жасаған кезде, біз өзімізді үлкен істің бір бөлігі ретінде санап, жанымыз бір жадырап қалады. 

Мен бұл ұғымды 20 жыл бұрын Алматыдағы балалар үйлерінің бірінде волонтер ретінде түсіндім.

Осы жылдар ішінде мен елімізде қайырымдылықтың белгілі бір эволюциясын бастан кешірдім: еріктілердің тұтас бірлестігі пайда болды, қоғамның қайырымдылық институтына деген көзқарасы өзгерді, мамандандырылған қорлар жұмыс істей бастады, қайырымдылық күнделікті өмірімізге енді.

Осындай алғашқы қорлардың бірі – «Сәби» Қоры. Соңғы 20 жыл ішінде біздің Қор күрделі жолдан өтті. Біздің жобаларымыз, мысалға алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың көлік мәселелерін шешетін «инватакси» қызметі, дарынды жастарды, жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары, әлеуметтік және медициналық нысандарды салу жобалары және т.б. еліміздің барлық 17 аймағында ұсынылған. Мұның бәрі еліміздің барлық балаларының өмір сүру сапасын жақсарту үшін бағытталған!

4 жыл бұрын біз «Шұғыл балалар хирургиясы» жобамызды іске қостық, оның аясында біз жедел жәрдем бөлімін толықтай реконструкциялап, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтап жатырмыз, сонымен қатар жергілікті мамандарды аса күрделі операцияларға үйретуге жағдай жасаймыз. Неліктен «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы қолға алынды? Өйткені дер кезінде көрсетілген көмек кішкентай науқастың өмірін сақтап қана қоймай, мүгедектік пайызын азайтуға септігін тигізеді.

Әр жолы мен бір нәрсеге сенімдімін: қайырымдылық - бұл өзіңізден үлкен нәрсенің бөлігі болудың ең жақсы жолы. Қайырымды іске белсен қатысқан адам – бақытты адам!»

Әсел Тасмағамбетова, «Сәби» Қорының Президенті

30.11.2022
09.03.2023
Әсел Тасмағамбетова "Өз…

"Сіздердің алдарыңызда тұрып, көздеріңізге қарағанда: "неткен жас, өршіл және батыл жандар", - деп таң қаламын!…

Блог
14.06.2022
«Сәби» Қорының президенті…

«Қадыр атамыздың кезінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бізге өз аманатын айтып кеткен…

Блог
21.04.2022
"СӘБИ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНА…

Әсел Тасмағамбетова, «Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті:   Қайырымдылық істер жайлы «Бүгін, өмірімнің…

Блог