SABY CASES FOR CHARITY

Филантропия қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналуда. Әрине, әркімнің өз мүмкіндігінің шегі бар, бірақ аз ғана үлес болса да, ол өзінің асқақ ниетімен және қызығушылығымен басқа да үлкен істерден кем емес.

Біздің қор әрқашан әркімге өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуге және қайырымдылыққа қатысуға мүмкіндік беруге тырысады. Мысалға, біздің есеп-шотқа аударымдар, QIWI төлем терминалдары арқылы төлемдер, картаға немесе Kaspi QR-ға жасалған қайырымдылқ жарналар, футболкалар мен худилердің шектеулі коллекциясынан сату арқылы біз біраз қаражат жинадық.

Енді «Сәби» Қоры мен The Alma Cases бренді бірігіп iPhone смартфондарына арналған мұқабалар жинағын шығарды. Жасыл, мөлдір және қара түсті мұқабалар X/XS, 11, 11 PRO, 11 PRO MAX, 12 PRO, 12 PRO MAX модельдеріне арналған.

IPhone X / XS және 11 модельдері үшін өндіріс құны - 20 000 теңге, iPhone 12 модельдері үшін - 25 000 теңге. Осы аксессуарларды сатудан түскен барлық қаражатты Ақтау қаласындағы шұғыл балалар хирургиясы құрылысына жұмсалады.

Мұқабалар достарға, серіктестер мен туыстар үшін керемет және пайдалы жаңа жылдық сыйлық бола алады.

Біз өз тарапымыздан The Alma Cases пен Динмухамед Ракишев осы қайырымдылық шарасын қолдағаны және қаржыландырғаны үшін алғыс айтамыз!

Сіз өзіңіздің смартфондарыңызға арналған мұқабаны "Телли" биобутигінен сатып ала аласыз. Сондай-ақ, кез-келген мұқабаға тапсырыс беру үшін бізбен тікелей байланыс арқылы шыға аласыз.

Достар, осы аксессуарды сатып алып, сіз үлкен және маңызды іске өз үлесіңізді қосасыз - балаларға көмектесіңіз!

 

04.12.2020
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар