QAZAQSTUDY Ф?НАЛДАН КЕЙІН ЖАРТЫ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ

QAZAQSTUDY Ф?НАЛДАН КЕЙІН ЖАРТЫ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ QazaqStudy жобасы канадалық тәжірибені Қазақстанда сәтті бейімдеу арқасында пайда болды. Жобаның негізін қалаушы Константин Орлов халық үшін қазақ тілін меңгеру қажеттігін көріп, нарық не ұсынып жатқанын, оқытуда қандай әдістемелер пайдаланылатынын, сабақ құрылымы қандай екенін зерттей бастады. Сәтті оқиғаның арқасында, қазақ тілін үйреніп жүрген канадалықтар жасап шығарған, тілді меңгерудің жаңа қызықты әдістемесін таба алды. Шамамен бір жыл бұрын әдістемені нарық сұранысына бейімдей отырып, қазақ тілін үйрету бойынша алғашқы QazaqStudy орталығы іске қосылды, келесі жарты жылдан кейін QazaqStudy жобасы “Өз бизнесіңді құр” конкурсының финалына қатысушысы болды. ?е болған гранттың арқасында, жоба авторлары қазақ тілін үйренуге арналан онлайн-платформа құру жұмыстарын бастады, ол келешекте бүкіл Қазақстанды қамту және үйден шықпай оқытудың ең озық әдістемелерін ұсыну мүмкіндігін береді.

Жобаның пайда болуы туралы
Халыққа қазақ тілін меңгерудің үлкен сұранысы барын түсінгенде осындай идея келді. Ал Алматы, Астана және басқа қалалардағы адамдардың көбіне оқу қолжетімсіз, себебі қымбат. Бұл оқыту орталықтары үшін де қымбат, себебі қалада өз орынжайы болу керек. Жиһаз сатып алу керек, орынжайды жалға алу керек және т.б. Сол уақытта әр қалада жекелеген орталық ашу қажеттігісіз, бүкіл Қазақстанды қамти алатындай, қазақ тілін оқу бойынша жақсы бірыңғай сайт неге жасамасқа деп ойладым.

Қазақ тілінің басымдығы туралы
Мен өзім қазақ тіл білімім жаман емес. Бұл маан әрқашан іс-сапарларда, әртүрлі кездесулерде көмектесетін. Достарым жиі айтатын, қазақ тілін оқытатын жақсы бір орталық болса деп. Жеке репетиторлар бар, оларды іздеу керек. Ал, келіп, жазылып, қазақ тілін үйренуге болатын орын жоқ. Себебі көбінесе тіл орталықтарында қазақ тілі қосымша өнім ретінде ұсынылады. Бірінші кезекте ағылшын немесе тағы бір басқа тіл оқытылады. Мен керісінше, орталығымызды қазақ тілін үйренуге шоғырландырғым келді. Бұл біздің негізгі өніміміз бен қызметіміз болу керек болды.
Алматы бойынша талдау жүргізе бастадым. Қандай орталықтар бар, кім мұнымен айналысып жатқанын қарай бастадым да, қызықты әрі тиімді әдістемемен қазақ тілін үйрету бойынша жеке орталықтың жоқтығын түсіндім. Сабақтар қандай да бір қызықсыз оқулықтармен, жаттығулармен және т.б. өткізіледі. Мен сабақтарды креативті, қызықты еткім келді. Адамдарға қазақ тілі күрделі тіл емес, рахатқа айналатындай еткім келді.

Канадалық әдістеме туралы
Бұдан әрі қызықты әдістемелерді, оқытушыларды іздей бастадым. Сәті түсіп, мен канадалық шетелдіктермен таныстым, олар Алматы қаласында тұрады және ұзақ уақыт қазақ тілін үйреніп жүр екен. Олар мұнда 8 жыл бойы тұрды, қазақ тілін барынша терең үйрене бастаған, тілді меңгеру бойынша өз әдістемелерін жазған.
Мектептер мен университеттерде оқытылатын әдістемемен олардың әдістемесін салыстырып, біраз ерекшеленетінін, қызықтырақ, аса көңілдірек және әртүрлі екенін түсіндім. Біздің канадалық қонақтарымыз Қазақстаннан кетпекші болды, ал әдістемелерін қалдыратын адам болған жоқ. Сондықтан осы әдістемені жасап шығарған адамдар маған табыстап, жаңа адамдарды осы әдістеме бойынша үйрететініме қуанышты болды. Тек бір нәрсені сұрады - бұл әдістемені басқа орталықтарға сатпауды өтінді. Олар басқа адамдарды оқытқанымды қалады, ақылы болсын, бірақ оқытудан әсер болсын деді. Сөйтіп біздің алғашқы орталығымыз пайда болды. Біз 2016 жылдың маусым айында ашылдық. Ашылуға дейін, шамамен 3 ай бұрын дайындық жұмыстары жүргізілді, жақсы орынжай мен оқытушыларды іздедік, әдістеменің кейбір жерлері аяқталмаған және біздің адамдар үшін бейімделмеген болып көрінді де, толықтырып аяқтадық. Сөйтіп алғашқы Qazaq study орталығы пайда болды. Бүгінгі таңда біздің Астана қаласындағы филиалымыз бар, сондай-ақ корпоративті клиенттерді оқытамыз. Барлыы оң баға берді. Адамдар бізге өздері хабарласып, алғыстарын білдіріп жататынына біз өте қуаныштымыз.

?дістемені жетілдіру туралы
Біз бір орында тұрмаймыз, әрқашан әдістемемізді толықтырып отырамыз. Біздің орталыымызда мектептер мен университеттердегі үлкен жұмыс өтілі бар, екі тәжірибелі әдіскер жұмыс істейді. Өнім тұрақты дамытылып отырады.

Ұтқыр қосымша туралы
Біз бағдарламашылармен бірлесіп Qazaq app ұтқыр қосымшасын жасап шығардық. Адамдар қазақ тілі бойынша білімдерін үйде бекіте алу үшін пайдаланамыз. Бұл қосымша грантқа дейін жасалған. Айтпақшы, мен біздің қосымшамызды конкурс кезінде жобаны қорғау барысында “Сәби” қорының өкілдеріне ұсындым.
Біз клиенттерімізге сабақта өткен сөздерді қайталау үшін, қосымшаны үйде, автобуста, таксиде пайдалануды ұсынамыз. Ұтқыр қосымша қызықты, қарапайым, ойын түрінде жасалған. Адамдар көп жағымды эмоция алады.

«Өз бизнесіңді құр» конкурсына қатысу туралы
“Өз бизнесіңді құр” конкурсына қатысу туралы шешімді қабылдаған уақытта, біз 150-ден астам адамды қазақ тіліне үйреттік. Оқушылар нәтижелеріне риза. Алайда, одан әрі кеңею, басқа қалаларды қамту мәселесі тұрды. Сол уақытта “Сәби” қорының конкурсына қатысуды шештік. Тек Алматы мен Астананы ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамти алу үшін қазақ тілін оқыту бойынша сайт, онлайн-платформа жасап шығару қажет екенін түсіндік.
Конкурстың финалына бізге қажетті сайтты жасап шығаруға арналған техникалық тапсырманы әзірледік. Бағдарламашылармен келісіп қойдық. Сайттың функционалы қандай болу керектігі туралы анық көрініс болды.
Қазылар алқасын жобамыздың ауқатты екеніне сендіре алғанымыза және “Өз бизнесіңді құр” конкурсында грант ала алғанымызға өте қуаныштымын. Гранттың көмегімен сайтты жасап шығаруға бірден кірісе алдық. Шыны керек, жасап шығарушылармен біраз кідіріп қалдық және жобаны іске асыру мерзімі 1-2 айға ұлғайды. Алайда, барлық мәселені шеше алдық және сайтымызды жасап шығару жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

QazaqStudy сайтының дайындығын туралы
Сайтымыздың шамамен 50% дайын деп айтуға болады. Шамамен негізгі функционал енгізілді, бастапқы беті бар, өтінімдерді өңдеу жүйесі атқарылды, сайттың әкімшілік бөлігі дайын. Қазіргі уақытта негізгі функционал бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қорытынды бөлік сайттың дизайны мен рәсімделуі бойынша жұмыс болады. Сондай-ақ, өз чатымызды енгізу жұмыстарын аяқтап жатырмыз, оқушыларға оқытушыларды көру үшін Skype сияқты баламаларға кіру қажет болмайды. Барлығы осы сайттың өзінде жұмыс істейді. Олар бір терезеден оқытушыны да, жаттығуларды да, қайталау қажет болатын сөздерді көре алады. Онлайн-төлем модулі де болады.
Сайттың демо-нұсқасы қыркүйек айының соңына дейін дайын болады деп ойлаймыз. Сайтты іске қосудың мәресін қараша айының басына жоспарлап отырмыз. Ертерек жасаймыз деп жоспарлағанбыз, бірақ жасап шығарушылардың ауысуына байланысты жұмыстар бірақ созылып кетті.

Онлайн-жобаның келешегі туралы
Ашылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін апта сайын әртүрлі қаладан 10-15 адам “Онлайн оқыту бар ма” деген сұрақпен қоңырау шалады. Халықта қазақ тілін қашықтықтан оқу қажеттігі үлкен. Жобамызды іске асыру арқылы осы қажеттілікті қанағаттандыра аламыз.
Бұдан басқа, бақылау оңай, сапалы сабақтарды өткізу жеңілдігінен, біз онлайн-оқытуға шоғырландық. Клиенттердің теріс немесе оң пікірлері бізге түсініктірек болады. Себебі кез-келген сабаққа қашықтықтан қолжетімдік функциясы қолжетімді болады. Біз сабаққа қосылып, оқытушының қандай да бір сабақты қалай өткізіп жатқанын, сабақтың қашан басталғанын, оқытушының кешіккенін не кешікпегенін, кірідіс болғанын не болмағанын көре аламыз. Клиент әрбір сабақтан кейін сабақ туралы пікір қалдыра алатындай функцияны саламыз. Клиентпен кері байланыс жиі, сапалы әрі тікелей бізге келіп түсетін болады.
Қазіргі таңда Алматы мен Астанадағы оффлайн-орталықтарда, мен басшы ретінде, сабаққа дұрыс, әділетті баға алу үшін клиенттің өзінен сұрауым керек. Онлайн-сервистің көмегімен пікірлерге әсер ету және сервисті жақсарту қолайлырақ болады.

Оқушылар саны туралы
Жақын арада онлайн-оқытуға клиенттерді тарту үшін маркетингтік іс-шараларды бастаймыз. Сайт жұмысының алғашқы айының соңына таман 70 адамды жинауды жоспарлап отырмыз. Бұл сан аспаннан түскен жоқ, бұл объективті сан, себебі біздің орталықта ай сайын 50-70 адам оқиды. Бұл тек Алматыда ғана, біздің орталыққа оқу үшін келуге дайын жергілікті клиенттеріміз ғана. Егер бүкіл Қазақстанды қамтитын болсақ, бірінші айдың соңына таман белгіленген сан қолжетімді деп ойлаймын. Жылдың соңына таман шамамен 700-800 оқушыға қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің ең теріс болжамымыз. Онлайн оқыту оффлайн-оқытудан ауқымдырақ әрі қажеттірек болады.
Қазіргі уақытта біз орналасқан орнымызбен, уақытпен, оқу кестесімен шектелгенбіз. Онлайн жобада өз ауысымы мен оқушылары болатын оқытушылар көп болады. Қазіргі орталықта кабинеттегі орын санымен шектеуліміз. Бір сабаққа көп дегенде 5-6 адам қатыса алады. Сабақтың өткізілу уақыты барлығына қолайлы емес. Онлайн-оқыту жүйесінің пайда болысымен, барлық шектеулер жойылады деп сенемін.
Қазылар алқасының пікірі туралы
Марапаттау салтанатының барысында Кенес Ракишевпен әңгімелесе алдым. Біздің саламызға белгілі бір қызығушылығын көрдім. Халықты қазақ тіліне оқытуды, соның ішінде біздікі сияқты онлайн-платформамен оқытуды дамыту оған да қызықты екенін түсіндім. Болашалақта ынтымақтаса аламыз деп ойлаймын.

?леуметтік жауапкершілік туралы
“Сәби” қорында жобамызды қорғау барысында сайтты іске қосқаннан кейін ауқатсыз отбасыдан шыққан балаларды немесе мүмкіндіктері шектеулі балаларды қазақ тіліне тегін оқытуға дайын болатынымызды ұсындым және осы сөзімде тұруға дайынмын. Сондай-ақ, жас оқытушыларды немесе өмірінде қандай да бір қиыншылықтары бар қазақ тілін жақсы меңгерген адамдарды, мысалға, тілді жетік меңгерген жетім немесе ауқатсыз адамдарды, біздің орталықта адамдарды қазақ тіліне оқыту бойынша жұмысқа тұрғызуға көмектескіміз келеді. Біздің оларды оқытып, әдістемені түсіндіруге дайынбыз. Себебін барлық оқытушылар үшін алғашқы екі-үш апта ішінде ішкі тренингтер жүргіземіз. Біз әдістемеге, сабақты қалай өткізу керектігіне және т.б. оқытамыз. Біздің жоба алға басып келеді және нығайып, күшімізді түсінген соң қоғамға пайдалы болу мүмкіндіктерін іздейтін боламыз.

24.08.2017
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар