«Сәби» Қоры 8-ші рет ақындар сайысын ұйымдастыруда

Жыл сайын «Саби» қайырымдылық қорының қолдауымен мемлекеттік тілде өлең шығаратын  жас ақындар сайысы 8-ші рет  өтуде.

Осы жылдар ішінде республикамыздың барлық түкпірінен келген 12 бала лауреат атанды, олардың жетеуі Қордан жалпы сомасы 13,3 млн. теңге болатын еліміздің үздік ЖОО-да білім гранттарын ұтып алды, 5 қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың ең үздік шығармаларымен 1000 дана таралыммен 2 жинақ жарық көрді. Бүгінгі күні оқу орындарын бітірген финалистер Қазақстанның ірі телекомпанияларында және республикалық газеттер мен интернет-басылымдармен жұмыс істейді.

Қазіргі кезде «Ақындар мүшайрасы-2018» байқауына өтініштер қабылдау жүргізіліп жатыр. Қатысам деушілерге «Сәби» қорының www.alemsaby.kz сайтына 31 мамырға дейін өз өлеңдерін жіберуге болады. 

Фотосуретте: 2013 жылғы ақындар мүшайрасының лауреаты Жұмағұлов Жандарбек әл-Фараби атындағы ҚазМУ-тін «Сәби» қорының гранты бойынша оқып, үздік диплом алды.

06.04.2018
22.06.2020
Оныншы ақындар сайысының…

«Саби» Қайырымдылық қоры ұйымдастырған мемлекеттік тілдегі мерейтойлық X Ақындар мүшайрасының қорытындысымен…

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы
19.06.2019
Тоғызыншы ақындар…

Тоғызыншы рет мемлекеттік тілде өткізіліп отырған ақындар сайысының қорытындысымен "Сәби"​ қайырымдылық…

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы
28.03.2019
Ақындар сайысы-2019…

"Саби" қайырымдылық қорының қолдауымен жыл сайы ұйымдастырылатын мемлекеттік тіліндегі Жас ақындар сайысы-2019…

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы