Өз өзіңе сенімді бол

Өз өзіңе сенімді бол Жоғарғы сыныптарда оқитын оқушылардың әр қайсысы мектепті тамамдаған уақытқа жақын кезде болашақта қандай мамандықты таңдау туралы шешімнің алдында болады. Көптеген жағдайларда жастар мамандықды өздерінің қалауы бойынша емес, ата-аналары немесе достарының айтқан кеңестеріне сүйенеді. Өкінішке орай осылай жасаған таңдау әр кезде дұрыс болып жатпайды. Cоның арқасында оқу орнын бітіргеннен кейін берілген дипломы шкафтың ішінде шаңданып жатады, ал жаңа піскен қызметкер өз тағдырын мүлдем басқа салада тәуекел етеді.

Мамандықты таңдау – түлектердің болашақ өмірлеріне тікелей әсер ететін және алдарына қойылған ең маңызды сұрақтардың бірі болып келеді. Сондықтан «Сәби» Қоры жыл сайын Алматы қаласының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне кәсіптік бағыттау бойынша компьютерлік тестілеуді 2 кезең бойы қазан және ақпан айларында ұйымдастырып отырады. Балалар өздерін сынап көргісі келеді және өздерінің таңдаған жолының дұрыс екендігіне көз жеткізу үшін осындай бастамаға үлкен қызығушылықпен және жауапкершілікпен қарайды. Ломоносов атындағы МҰУ-мен жасалған компьютерлік бағдарлама қатысушыларға болашақ мамадықтарын таңдауға нақты ұсыныс беріп оған қоса қабілеттерін жетілдіріп ЖОО-ны түсуге дайындалуға кеңес береді.

Бірнеше күннен кейін тестілеудің 1 кезеңі басталады, тестілеуді өтіп болғаннан кейін балаларымыздың әр біреуі шын сеніммен «Мен ... болғым келеді» деп айтатына сенеміз.

25.10.2013
29.03.2017
Кәсіби тестілеу 2016-2017, 2-ші…

Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…

«Білім беру» бағдарламасы
02.11.2016
Кәсіби тестілеу 2016- 2017, 1…

Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай…

«Білім беру» бағдарламасы
19.10.2016
Жаңа үлгідегі ҰБТ-ға жаңа…

Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде…

«Білім беру» бағдарламасы