Махамбет к. спорт кешенінің ашылуы

 

Әсел Тасмағамбетованың «Сәби» Жеке Қайырымдылық Қоры Қазақстанның қайырымдылық қозғалысында алғашқылардың бірі болып, өз ісін 2002 жылы бастады. Қор ең қажет деген жерде және көмекке айрықша мұқтаж адамдарға көмек көрсетеді.

Қор елдің барлық түпкірлеріндегі бүкіл әлеуметтік-маңызды салаларды қамти отырып, өзінің авторлық бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. 

Спорт бағдарламасы солардың бірі болып табылады, оның шеңберінде «Сәби» қалалар мен кенттерде спорт алаңдарын және балалар әлеуметтік және білім беру ұйымдарында, медицина мекемелерінде балаларға арналған ойын-сауық кешендерін салады. Бағдарламаның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді спортпен толыққанды шұғылдану мүмкіндігімен қамтамасыз ету, спорттық дайындық – денсаулықты жақсарту ғана емес, сонымен қатар мінезді тәрбиелеу, тәртіп пен өзін-өзі жетілдіру ынтасын арттыру.

16 жылдық жұмысы барысында Қор Қазақстанның 13 қаласында 46 спорт нысанын салды және жөндеді. Жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 440 миллион теңге жұмсалды. 

2017 жылы Қордың Спорттық бағдарламасы Атырау қаласында ірі нысан – алаңы шамамен 2 000 ш.м. балалар ойын қалашығының құрылысымен ұсынылды. Балалардың таза ауада белсенді болуына арналған оншақты аттракцион, ана мен балаға арналған павильон, мүгедектігі бар балаларға арналған ойын-сауық кешені, суретке түсіру аймағы – алаңның барлық жабдықтарын тізіп айту қиын. Бүкіл өңір бойынша бұрын соңды бұндай болмаған! Атыраулықтар ғана емес, сонымен бірге өңір тұрғындары да қаланың орталығындағы жандалған ертегіге тамсану және балалар әлеміне бату үшін отбасыларымен тұтас келеді.

Биылғы жылы Қайырымдылық Қоры Атырау облысындағы салауатты өмір салтын ұйымдастыру бойынша жұмысын жалғастырды. Қазан айында Махамбет ауданының 90-жылдығына орай «Сәби» Махамбет кентінің тұрғындарына көп функционалды спорт кешенін сыйға тартты. 

Кешенге футбол-волейбол алаңы, баскетболалаңы, Street Workout аймағы және балалар ойнау алаңы жатады. Соңғысы 3 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін арналған, ол осы жасқа сәйкес ойын жабдықтарымен: төбешіктермен, әткеншектермен, өрмелемелермен және өтпелермен, сатылармен және арқандармен жабдықталған. Сонымен қатар ерекше мұқтаждықтары бар балалардың да жағдайы ескерілген: олар үшін арнайы БОК орнатылған. Street Workout-қа келер болсақ – бұл төзімділік пен бұлшық етті жетілдіруге бағытталған жеңіл атлетика мен өз салмағымен жасалатын күштік жаттығуларды қосатын дала фитнесінің әйгілі бағыты. Осы аймақта кеңінен ұсынылған жабдық ересектер мен 12 жастан жоғары балалар үшін арналған. Махамбеттегі спорт кешенінің жалпы алаңы 1500 ш.м. құрайды. 

«Сәбидің» көптеген әлеуметтік-маңызды бағдарламалары Атырауда және облыста бұрыннан жұмыс істеп келеді. Бұнда еліміздің үздік жоғары оқу орындарында білім алу үшін түрлі жылдарда ұйымның грантын алған Қордың Білім беру бағдарламасының көптеген түлектері тұрады. Бұнда Қормен сатылып алынған және «Мүгедек Әлемі» ҚҰ-на сыйға тартылған «Мүгедектерге – лайықты өмір» бағдарламасының шеңберінде берілген арнайы «Инватакси» автокөліктері қала бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тегін тасиды.

Міне енді Спорт жобасы да өңірде толыққанды ұсынылды. 

«Сәби» Қайырымдылық Қорының барлық бастамалары Президенті Әсел Тасмағамбетованың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатынын атап өткен абзал. 

21.09.2018
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер