Жас кәсіпкерлер «Сәби» қорынан 2 миллион долларға жуық қаражат алды

Кеше Алматы қаласында  Кеңес Рақышев, Вячеслав Ким және Рашит Махаттың қолдауымен «Сәби» Қайырымдылық қорымен жыл сайын ұйымдастырылатын 8-ші қазақстандық  «Өз ісіңді баста-2021» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқау нәтижесінде «Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова төрағалық еткен қазылар алқасы өз бизнесін дамыту үшін 10 000 доллардан бастап 50 000 долларға дейін өтеусіз грант алған 11 финалистті анықтады, олардың ішіндегі үш жобаға 50 000 доллардан чек берілді.

Жалпы жүлде қоры алдыңғы жылдардағы сомадан асып түсіп  330 000 долларды құрады.

Әсел Тасмағамбетова: «Грант тарату дұрыс емес және грант кәсіпкерлерді босаңсытып жібереді деген пікір бар. Ол да мүмкін.  Бірақ, біздің елімізде бизнесті бастағандар қауымы қаншалықты жас екенін, сондай-ақ орасан зор бәсекелестіктің бар екенін ескерсек, көпшіліктің өз ісін ары-қарай дамыту үлкен қиындыққа әкеліп соқтырады. Бұл тұрғыда біздің байқау заманымыздың сирек құбылысына айналған әлеуметтік қолдаудың бір түрі болып табылады.

Бизнестің болашағы - ол қоғамның әртүрлі секторларын мен экономикалық субъектілердің  қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын ұжымдық жобалардың кеңінен тарауында болып табылады. Сондықтан, біздің конкурс тек it-саласымен ғана шектелмейді. Біз өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, экологиялық, медициналық, білім беру және қызмет көрсету жобаларын қолдап отырамыз».

2018 жылдан бастап британдық аудит және консалтингтік  Ernst & Young компаниясы байқаудың тұрақты серіктесі болып табылады. Компания өкілдері финалистерге HR және бизнес академиясында оқуға сертификаттар табыс етті.

Бір жылдан кейін, 2019 жылы «Өз ісіңді баста» жобасына финалистерге технологиялық тәлімгерлік және кәсіби қолдау көрсету үшін Microsoft компаниясы серіктестік қолдауымен қосылды.

Биыл байқауға тағы екі беделді ұйым – Қазақстандағы «БҰҰ әйелдері» құрылымы және Forbes Kazakhstan қолдау көрсетті.

«БҰҰ Әйелдер» ұйымының өкілдері жартылай финалға өткен әйел қатысушылардың барлық бизнес-жоспарларын қарап шығып, 2 жобаға 2022 жылға оқуға сертификаттарын табыс етті. Жобаның ақпараттық серіктесі ретінде Forbes Kazakhstan баспасы тағайындалды. Баспа қызметкерлері сұхбаттарға қатысып, байқау финалистерінің қызметі туралы мақалалар топтамасын дайындайтын болады.

Қордың барлық серіктестері мен достарына ынтымақтастық пен қолдау үшін алғыс білдіреміз!

Еерекше атап өткіміз келетін, «Өз ісіңді баста» жобасын қаржыландыратын тұрақты демеушілері, Вячеслав Ким, Кеңес Рақышев және Рашит Махатқа шын жүректен алғыс айтамыз.  

Олар  Қазақстандағы жас кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі осы жылдар ішінде шамамен 2 миллион долларды құрады!

 
 

18.11.2021
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар