Петропавлда шұғыл балалар хирургиясының құрылысы басталды

Біздің Қордың барлық достары мен серіктестеріне Петропавл қаласында шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталғанын хабарлаймыз. Бұл "Сәби" Қорының 2018 жылы басталған "Шұғыл балалар хирургиясы" жобасы аясында ашылатын төртінші бөлім.

Осы жобаның арқасында бүгінгі таңда Алматы, Ақтау және Семей қалаларында мемлекеттік ауруханалар негізінде халықаралық стандарттар бойынша ұйымдастырылған және ең озық медициналық жабдықтармен жабдықталған заманауи хирургиялық блоктар жұмыс істейді. Енді Петропавлда да әлемдік деңгейдегі жоғары технологиялық шұғыл хирургиялық қызмет салынады. 

Белгілі болғандай, "Сәби" Қоры жүзеге асырылып жатқан жобаларын барлық бағыттар бойынша дамыта отырып, өз қызметінде жүйелілік қағидатын ұстанады. Сондықтан, әрбір хирургиялық бөлім ашылғаннан кейін, Қор жергілікті дәрігерлер үшін Ресей мен Қазақстанның еңбек сіңірген балалар хирургтарынан шеберлік сабақтар сериясын өткізеді. Сондай-ақ, Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясында қазақстандық мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады.

ҚР өңірлерінде медициналық саланы дамыту шешімін "Сәби" Қоры кездейсоқ қабылдаған жоқ: ашылған хирургиялық бөлімшелер қаланың ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы барлық елді мекендердің балаларына қызмет көрсетеді.  Жыл сайын мұнда кішкентай емделушілердің өмірін сақтап қалатын мыңдаған шұғыл оталар жасалады. Қордың мақсаты – Қазақстан өңірлерінде балаларға сапалы, тиімді шұғыл медициналық және оңалту көмегін қамтамасыз ету.

• Алматыдағы бөлімше 2019 жылдың сәуір айында №2 қалалық балалар ауруханасы негізінде ашылды. Жобаға 173,2 миллион теңге жұмсалды.

• Семейдегі бөлімше 2020 жылдың қаңтар айында "Семей медицина университеті" КЕАҚ университеттік госпиталінде ашылды. Жобаға 247, 5 миллион теңге жұмсалды.

• Ақтаудағы бөлімше 2021 жылдың маусым айында Маңғыстау көп бейінді балалар ауруханасы негізінде ашылды. Жобаның құны 307 миллион теңгені құрды.

• Петропавлдағы бөлімшесі 2022 жылдың шамамен қаңтар айында СҚО көп бейінді балалар облыстық ауруханасында ашылады. Жобаның құны 335 миллион теңгені құрады.

 

29.09.2021
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба
27.12.2023
Қазақстан дәрігерлеріне…

«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…

Медициналық жоба
14.11.2023
Saby & Bvlgari қайырымдылық кеші…

«Сәби» Қоры өзінің ауқымды қаражат жинау шараларын өткізу тарихын 2008 жылдан бастап жүргізуде. Осы жылдар бойы Қор…

Медициналық жоба