Математикалық каникулдар

MSDC математиканы мамандырылған зерделеу орталығындағы кезекті оқу жылы біздің қамқорлығымыздағы оқушылар үшін аяқталды.

Екі бала бұл жылы орта мектепті табысты аяқтады. Максим мен Темірлан, жоғары бағалы аттестат алып, Ресейдің бірнеше жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Енді Чехия университеттерінен жауап күтіп отыр, онда білім гранттарына үміті бар. Темірлан ҚХР ең үздік жоғары оқу орындарының біріне қосымша құжаттарын тапсырып қойды. Осылайша, мектеп бітіруші түлектер Қор бағдарламасы бойынша оқуды аяқтады, математика және робототехника пәндері бойынша қалалық және республикалық олимпиадаларда алған жүлделі орындары, сонымен қатар бір қатар шет елдік университеттерге шақыртулары бар.

Тап сол кезде, қалған мектеп оқушылары үшін ұзақ күткен демалыстар да келді. Бірақ біздің «тәжірибелі математика», белгіленген дәстүр бойынша жаз кезінде оқытуды жалғастырады. Балалар жеке әзірленген оқу жоспарымен жұмыс істей отырып, курстарға бар ынтасымен қатысады. Күн сайынғы сабақтар барлық оқушылардың оқу үлгерімін арттырды және нақты пәндер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне мүмкіндік берді.

Математикалық курстар 2014 жылдан бастап «Әлем» жас дарындыларды қолдау бағдарлама аясында «Сәби» Қорымен қаржыландырылады.

21.06.2018
22.06.2020
Оныншы ақындар сайысының…

«Саби» Қайырымдылық қоры ұйымдастырған мемлекеттік тілдегі мерейтойлық X Ақындар мүшайрасының қорытындысымен…

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы
19.06.2019
Тоғызыншы ақындар…

Тоғызыншы рет мемлекеттік тілде өткізіліп отырған ақындар сайысының қорытындысымен "Сәби"​ қайырымдылық…

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы
28.03.2019
Ақындар сайысы-2019…

"Саби" қайырымдылық қорының қолдауымен жыл сайы ұйымдастырылатын мемлекеттік тіліндегі Жас ақындар сайысы-2019…

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы