«Өз ісіңді баста-2021» байқауы іске қосылды

«Сәби» Қайырымдылық Қоры «Өз ісіңді баста-2021» атты жас қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаудың жыл сайынғы VIII байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау «Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетованың жетекшілігімен, белгілі қазақстандық кәсіпкерлер мен меценаттар – Кеңес Рақышев пен Вячеслав Кимнің қолдауымен өткізіледі. Білімдік және менторлық қолдауды тұрақты серіктестер: Ernst&Young британдық аудиторлық-консалтингтік компаниясы және Microsoft трансұлттық компаниясы ұсынады.

Бұл бүкіл Қазақстан бойынша жас кәсіпкерлерге өз ісін бастауға және дамытуға көмектесе отырып, 10 000$ - дан 100 000$ - ға дейін өтеусіз гранттар беретін, елімізде теңдесі жоқ бірегей байқау. Байқаудың өткен 7 жылында «Сәби» Қоры мен меценаттар, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жалпы сомасы 1 580 000 $ құраған 60 грант берді. Бүгінгі таңда, Қордың қолдауымен ҚР әртүрлі өңірлерінде, шағын және орта бизнестің түрлі салаларында жобалар іске асырылуда. Байқаудың табысты түлектерінің арасында Robowunderkind, Cerebra, Q.republic, Sheberkhana, Aquapoint, Dariya, Tazalyk, Kidslab, Oiko және т. б. танымал компаниялар бар.

Биылғы жылы байқаудың жүлде қоры 300 000 $ құрайды.

«Сәби» Қоры 19 жыл ішінде көптеген авторлық әлеуметтік бастамалар сәтті жүзеге асырылған ресурстық орталыққа айналды. Сондықтан, бұл байқау қор алаңында өткізіледі, өйткені ол таза түрдегі қайырымдылық жобасы болып табылады. Жеңімпаздар гранттарды тегін алады, біз олардан пайыз алмаймыз, бизнестің бір бөлігін алмаймыз. Біздің жалғыз тілегіміз – жас бастаушы кәсіпкерлерге аяғына тұрып, істеріндегі алғашқы қадамдарын жасауға көмектесу. Біздің көмегіміз көпвекторлы сипатқа ие, өйткені қаржылық қолдаудан басқа, финалист-жобалардың көпшілігі Қор тарапынан өнімдер мен қызметтерге, маркетингтік қолдауға, жеңілдікті жалға алуға және т.б. алғашқы тапсырыстарын алады. Өз тарапымыздан «Өз ісіңді баста» байқауы дамуын жалғастырып, бизнес-қоғамдастықтың ірі өкілдерімен серіктестікте, еліміздің жастары үшін белгілі бір «әлеуметтік лифт» рөлін атқаруы үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», - деп атап өтті Әсел Тасмағамбетова.       

«Өз ісіңді баста» жобасына қатысу үшін өз жобаңыз жайында бір минуттық бейнебаян түсіріп, оны әлеуметтік желілерде жариялап, www.entrepreuner.saby.kz сайтында өтінім беру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 19 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Байқауға қатысу шарттарымен осы сайтта толығырақ танысуға болады – entrepreneur.saby.kz.

Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз және өз мүмкіндіктеріңізді бағалауға шақырамыз!

19.07.2021
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар