«Өз ісіңді баста - 2021» байқауының қорытындысы

Бүгін Алматыда «Өз ісіңді баста - 2021» жас кәсіпкерлерді қолдау байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
 
Осы уақытқа дейін Әсел Тасмағамбетованың жетекшілігімен және кәсіпкерлер Кеңес Рақышев, Вячеслав Ким, сондай-ақ Рашит Махаттың қолдауымен «Сәби» қайырымдылық қоры 8 жыл бойы қазақстандық кәсіпкерлерге өз идеяларын немесе жүзеге асқан жобаларын жариялап, істерін дамыту үшін ақысыз қаржылық қолдау алуға нақты мүмкіндік беріп келеді. 
 
Биыл байқауға бұрын-соңды болмаған 1075 өтінім түсті. 35 жоба іріктеуден жартылай финалға өтті. Бизнес-жоспарларды зерделеу және қазылар алқасы алдында жобаларды қорғау нәтижелері бойынша олардың ішінен 11 жеңімпаз анықталды.
Биылғы жүлде қоры 330 000 долларды құрап, байқау тарихындағы ең үлкен жүлдені құрады. Осылайша, 8 жыл ішінде кәсіпкерлерге берілген гранттардың жалпы сомасы 1 910 000 АҚШ долларына жетті.
 
Сонымен, байқау жеңімпаздары:
1. Мақсат Прімбет. QR-мәтіні бар жартылай электронды кітапты шығару жобасы - $ 10 000
2. Рустем Емеков. QBit білім беру конструкторы - $ 15 000
3. Гаухар Аукен. Brak.kz. Отбасылық даулар бойынша құқықтық көмек - $ 15 000
4. Гульмира Байгулжаева. Feedingkaz. Шаруашылық өсімдік майлары, ұн, урбеч - $ 20 000
5. Серик Турусбеков. Service4Agro. Бау-бақша техникасының жергілікті өндірісі - $ 30 000
6. Касымхан Улыкбанов. Zerenmilk. Балаларға арналған сүт қоспасын әзірлеу - $ 30 000
7. Алмас Мухаметов. Бірреттік медициналық құралдарды өндіру - $ 30 000
8. Максат Умурханов. Аса берік қолғаптарды өндіру - $ 30 000
9. Баглан Калдарбеков. Guryev өлшеу құралдарын өндіру - $ 50 000
10. Шейхислам Сахи. MedData. Пациент, дәрігерді және аурухананы басқаруға арналған ЖИ - $ 50 000
11. Гульнур Кутыбаева. "Нурлаб" көпфункционалды медициналық орталығы - $ 50 000
 
Ақтық кезеңнің қатысушыларын құттықтаймыз және өз бизнесіңізді бастауда сәттілік тілейміз!

17.11.2021
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар