Сәбилер үйіне арналған ертегілер әлемі

Сәбилер үйіне арналған ертегілер әлемі «Сәби» Қайырымдылық Қоры жас буынның келешегіне ат салысып, спорт жобасын бірнеше жыл бойы дамытып келуде, өйткені таза ауадағы жаттығулар мен ойындар балалардың денсаулықтарына оң нәтиже беріп, қуат пен жақсы көңід-күй сыйлайды. Сондықтан Қордың күшімен салынып жатқан жасөспірімдерге арналған ойын және спорт алаңшалары өз маңыздылығын ешқашан жоғалтпайды, жетімдер және әлеуметтік деңгейі төмен жанұялардың балалары тәрбиеленіп жатқан балалардың, олардың ішінде әсіресе тентек мінезділердің сарқылмайтын жігерін қолайлы қалыпқа келтіруге зол ықпалын тигізеді. 

Кезекті, жиырма алтыншы спорт нысаны болып (ал арнайы ойын КС?Л жинағы кезектегі реттік саны оныншы болып) Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйіндегіжеткіншіктерге арналып салынды. Жабдықтар қазіргі уақытта айтылған мекемеге Қордың күшімен салынып жатқан жаңа ғимараттың ауласында орнатылды. Сәбилердің көз алдарында алуан-түрлі сатылар, алтыбақанар, сырғанақтар, үйшіктер, әткеншектерді көрген сәтте қуаныштарында шек болмайтынына нық сенеміз. Балалардың көңілінен шығу, ол оңайға шықпайтын жайт екені бәрімізге мәлім. Оларға жай ғана құмсалғыш пен орындықтар алып беру жеткілікті емес екендігі түсінген біз әр баланың ойынан шығу үшін әр түсті жабдықтарды алуға тырыстық.

Осындай шаттық сезімін бізге жомарт досымыз және нағыз жанашыр «КазРосГаз» ЖШСсыйлады. Бұл компания өзінің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары сезінетін ұйымдар қатарында алғы саптарында тұрып жүр, жоғарыда айтылған ойын алаңшасын алуға демеу көрсетпей ғана қоймай, жаңа ғимараттың салынуына зор соманы бөлген болатын. КазРосГазға деген шынайы ризашылығымыз кішкентай жеткіншектердің көздерінде жанған қуанышымен сөзсіз жеткізіледі.

01.11.2012
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер