Сәбилер үйінің тынысы

Сәбилер үйінің тынысы Уақыт зымырап өтіп барады. Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап "Сәби" Қорының көмегімен салынған жаңа үйде тұрып жатқанына екі жаз болды. Жетім балалар үшін бұл үй тура мағынасында оларға жылылық пен жайлылық сыйлаған туған үйіне айналды, оған қоса сәбилердің ойларынан ескі үйдің қызықсыз дымқыл бөлмелері ұмытылды.

Балалардың жаңа қабырғаларда өмірінің қаншалықты жақсарғанын қадағалау біздерге аса қуанышты. Бұдан басқа бүлдіршіндерге таза ауада демалыс аймағын қалай ұйымдастырамыз деген сұрақ ойымызды мазалады. Басында құрылыс жобасының алғашқы кезеңінде жер учаскесін көгалдандыруға көп көңіл бөлінді, өйткені сәбилерге арналған мекеме жас көшеттерден қоршау жасалынып іргелес жатқан аймақтардан және көшелерден барынша алшақ болу керек. Бір өзгешелік болды, ол жергілікті климат және топырағының құнарсыздығы өнгіштігімен аса қуанта алмайды.

Дұрыс таңдалып отырғызылған өсімдіктер және ұқыпты күтім өз жемісін берді – балалар жасыл шөптін үстімен жүгіріп, атқылап жатқан су атқышының ылғалымен рахаттанып және гүлдердің ашық түстеріне қуанып жатыр. Ал аспазшы оларға өз бақшаларынан жиналған жаңа піскен көкіністерден дәмді тағам даярлап берді.

Балалар үйі жыл сайын көгалдандырылып және мүмкін келешекте көпшіліктің назарын аударатын қаланың жасыл маржанына айналатын шығар.

17.07.2014
23.05.2019
Тағы да Қызылорда…

  2012 жылы «Сәби» қоры Қызылорда қаласында туылғанынан 4 жасқа дейінгі ата-аналарынан айырылған жетімдер мен…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
12.06.2017
Қызылорда қаласының Сәби…

«Сәби» Қорының арқасында Қызылорда қаласындағы жаңадан Сәби үйі салынып толықтай жабдықтандырылды. Бұл жоба қолданысқа…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
30.10.2013
Cәби үйі ең таңдаулылардың…

Алматыда қазанның 4 – 6 күндерінің аралығында ҚР Сәулетшілер одағымен ұйымдастырылған 2010-2013 жылдардағы таңдаулы сәулет…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.