«Сәби» қайырымдылық қоры 2012 жыл

2012 жыл «Сәби» Қоры үшін айрықша кезең болды. Біз ұйымымыздың 10-жылдық мерейтойын атап өттік. Нью-Йорк қаласында Nomad’s Way атты қайрымдылық аукционнан және көрмеден тұратын қомақты әлеуметтік-мәдени шарасын өткіздік. Жас қазақстандық ақындардың мемлекеттік тілде жазылған өлеңдерінің шағын топтамасын шығардық. Қордың күшімен балалар әлеуметтік мекемелерінде салынған спорттық нысандардың саны 26-ға жетті. Қазақстанның 16 қаласында орналасқан мүгедектер қоғамдарына сыйға тартқан арнайы «инватакси» көліктері 52 болды. «Балаларға өмір сыйла» СМС-акциясының аясында 2 570 000 АҚШ доллардан астам қаражат жиналып, 374 балаларға көмек көрсетілді. Қордың қаржысына оқып бітірген және оқып жүрген жастардың саны 70-тенасты. Еліміздің алшақ аудандарынан келген 27 дарынды жастар әр-түрлі номинациялар бойынша «Сәби» гранттарына ие болды. Қызылорда қаласында орналасқан Сәбилер үйінің құрылысы және толық замануи жабдықтау жалғасын тапты. Медициналық жобаның шеңберінде ҚР денсаулық сақтау мекемелеріне қолдау көрсетілді. 

Дәстүр бойынша Жаңа Жыл қарсаңында Қордың қызметі бойынша бекітілген жобалар бойынша есеп беріп отырмыз, әрине атқарған жұмыстарымыз бізді қолдап жүрген достарымыздың, серіктестеріміздің және демеушілеріміздің қолдауынсыз болмайтыны бәрімізге мәлім, сондықтан сондай мейірбан адамдарға алғысымыз шексіз.
 
«?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы

Аталмыш бағдарлама қабілетті балалар мен жастарға жан-жақты даму үшін қолдау көрсету үшін жасалды. Ең алдымен Қордың назарын еліміздің алшақ аудандарында тұратын жасөсіпрімдерге аударылды. 

2012 жыл – 
- ақпан – Атырау облысынан келген Тлепбергенов Берік, ҚазҰТУ-нің бірінші курс студенті, оқу кезінде берілетін грант-стипендия ұтып алды;
2012 жылдың 13-17 ақпан аралығында Нью-Йоркта Nomad’s Way атты қайырымдылық аукционнан және көрмеден тұратын қомақты әлеуметтік-мәдени шарасын өткіздік, айтылған акцияның бенефициары болып «?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы болып табылады;
- сәуір – Қызылорда облысының тұрғыны Мақсатұлы Нұрзат, өзінің музыкалық қабілеті ары қарай дамыту үшін, Yamaha Клавинова цифрлі пианиносын сыйға алды;
- мамыр – «?лем» бағдарламасы жайлы ролик жазылып, мемлекеттік ақпараттық телеарналарда ротацияға жіберілді;
- наурыз-маусым – Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» компаниясымен екінші рет талантты қазақстандық сценарийшілерді іздеу ортақ жоба – Сценарийлер сайысы жүзеге асырылды; осы жылы басты жүлдену Ұлыбританиялық Файзал Куреши ұтып алды;
- қаңтар-маусым – мемлекеттік тілде жүргізілетін Екінші ақындар сайысы жарияланды, басты жүлдеге Атырау облысының тұрғыны Ақжарқын Мутиева қол жеткізді. Басты жүлде – ноутбук және ҚазҰУ-не оқу гранты;
- маусым – Шыңберген Амантурлин атындағы мүмкіндіктері шектеулі жастар арасында қолданбалы халық өнері бойынша Республикалық сайыстың бірегей қабілеттері танылғанлауреаттары ақшалай сыйлыққа ие болды;
- тамыз – әр түрлі номинациялар бойынша қабілеттері танылған 15 грантқа үміткеранықталды;
- қыркүйек – ақындар сайысының қорытындылары бойынша ең үздік өлеңдер жинағы жарық көрді;
- қазан - Карате-до Шотокан бойынша Ташкентте өтетін әлем Кубогына балалар командасының қатысуы толығымен ақысы өтелді;
- желтоқсан – Медет Шаяхметов Нью-Йорк киноакадемиясында оқу халықаралық оқу грантына ие болды.

Елеулі кезеңдер:
Жоба үш жылдан бері жұмыс істеуде, Қазақстанның 25 қаласы мен ауылдарына ақпарат таратылды, 500 өтінімдер қарастырылды, Қордың гранттарына 27 адам қол жеткізді.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.


«Nomad’s Way” әлеуметтік-мәдени шарасы

Қазақ елінің тарихи бай мұрасын көрсетуге, әр-түрлі өркениеттердің араласуына байланысты, халықтар мен ұлттардың мәдениеті дамыған Шығыс пен Батыстың табысты үйлескен орны ретінде ұсынуға «Сәби» Қоры өз алдына мақсат қойды. 

Осы мақсаттарды көздеп Nomad’s Way атты екі кезеңнен тұратын жобасы әзірленді: қазақтың көне зергерлік бұйымдардың Christie’s бәссауда үйінде көрме және NYPL Нью-Йорк көпшілік кітапханасында қайырымдылық ауцион өткізілді?лемнің орталығы және интеграцияның шоғырланған орны ретінде саналып кеткен Нью-Йорк қаласы осындай идеяларды жүзеге асыруға өте ыңғайлы болды. 

Қазақстаннның мемлекеттік мұражайында лайықты орнын тапқан ?манғали Тасмағамбетовтың құнттап жинаған қөшпенділердің зергерлік бұйымдарынан тұратын жеке коллекциясы бірінше рет шет елде экспонатталды. 

Антикварлы шедеврлердің әсерінен бүкіл әлемге әйгілі Европа және Америкалық зергерлік үйлер Avakian, de Grisogono, Jacob & Co, Chopard, Chatila «Сәби» Қорына арнайы қазақ елінің дәстүріне сай бірегей әшекейлер жасады. Бұл әшекейлер лот ретіндеқайырымдылық аукционында сатылымға ұсынылған болатын, кейіннен бұл шара бұқаралық ақпарат құралдарымен «орасан зор оқиға» және «Қазақстанның жаңалығы» аталып кеткен болды. Аукционның нәтижесінде 1 млн. доллар көлемінде қаражат жиналды. Барлық қаржы «Сәби» Қорының қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру үшін бағытталды.

Нью-Йоркте 2012 жылдың ақпанында өткен қайырымдылық аукцион «Сәби» тарихында екінші рет болып отыр. Бұл Қордың шет елде әрекет жасау үшін жоспарлы да алға басатын саясатты жалғастырды. Шараның табысты өткені біздің мақсатымыздың дұрыс көздеуін дәлелдеп, бағытымыздың түзу екенін және ұйымның қолданылатын тәсілдерін тағы бір рет мойындатты. 

Жобаның қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осы жерден біле аласыз.


«Мүгедектерге – лайықты өмір»

Жоба, қимылдауына қиындық тудыратын адамдарға, әсіресе арбадағы мүгедектерге «?нватакси» ақысыз мүмкіндігі шектеулі адамдарды таситын көліктік қызметті ұйымдастыру арқылы, олар үшін лайықты өмірлік жағдайлар жасау, кедергісіз қол жетімдіктерін ұйымдастыру, қоғамға ықпалдастыру және оңалту үшін жағдай жасау.

2012 жыл – 
Алматы қаласының 3 мүгедектер ұйымдарына 6 «инватакси» автокөліктер сыйға тыртылды:
Volkswagen Caddy – 4 дана 
Volkswagen Transporter – 1 дана
Volkswagen Сrafter – 1 дана

«?нватакси» қызметін арттыру үшін 12 қаланың мүгедектер қоғадарына арбаны іліп алып сатымен көтеріліп-түсуге арналған 15 көтергіштер сатып алынып сыйға тартылды.

Елеулі кезеңдер:
Жоба төрт жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Барлығы Қазақстанның 16 қаласына, яғни 35 000 мүгедектерге арнап 52 автокөлік сатып алынды.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.


Білім беру жобасы

Жоба әлеуметтік мекемелердегі тәрбиеленушілерге, интернат және балалар үйінің түлектеріне қоғамда бейімделіп кетуіне жан-жақты жағдай жасау.

2012 год – 
- желтоқсан – «Жанұяны қолдау орталығы «Берегиня» ҚҰ-ның аясында 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған арнайы жабдықталған Мария Монтессорижүйесімен балаларды ерте жетілдіру және оқыту сыныбы ұйымдастырылды;
- қазан – Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйіне 3 жасқа дейін бүлдіршіндерге арналған арнайы жабдықталған Мария Монтессори жүйесімен балаларды ерте жетілдіру және оқыту сыныбы ұйымдастырылды; айтылған әлеуметтік мекеменің жұмыскерлеріне осы әдіс бойынша тәрбиеленушілермен жұмыс істеу үшін Ресей Федерациясының Ревда қаласындағы Монтессори Аймақаралық Ассоциасының ұстазымен 4 кезеңді семинарларұйымдастырлыды; бірінші кезеңді 17 адам өтті;
- наурыз және қазан айларында жыл сайын өткізілетін кәсіпке бағдарлану тестілеріне біздің қамқормыздағы балалар үйлерінен 70 адам қатысты;
- қазан айынан бастап арнайы дайындау орталықта 8-айлық БҰТ-ге дайындау курстарын Алматы қаласының және облысының 12 тәрбиеленушілері өтуде;
- қазіргі кезде арнайы-орта және жоғары оқу орындарында еліміздің жетімдер үйлерін және интернаттарын бітірген 35 бозбалалар мен бойжеткендер оқып тәлім алуда;
- «2012-2013 Білім беру жобасына» 9-шы және 11-шы сынып бітірген Қазақстанның төрт аймағынан балалар үйлерінің 13 түлек қабылданды.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 8 жылы қатарынан жұмыс істеуде, Қазақстанның бес қаласының 10 әлеуметтік мекемелері қамқорлыққа алынды, тәрбиеленушілердің жалпы саны -1 400 адамға жетеді.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.


«Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасы

Аталған жобаның аясында еліміздің балалар әлеуметтік мекемелерінде тәрбиеленушілердің денсаулығын дұрыстау үшін, спортпен шұғылдануға және болашақ атлеттерді тәрбиелеуге спорттық кешендер тұрғызылып жатыр. 

2012 жыл – 
Семей қ. көмекші мектеп-интернат
Көпфункционалды спорттық алаң, аумағы 450 шаршы метр, мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнау үшін арналған, «жасанды шөппен» төсенген және контур бойынша прожектермен жарықтанған, қолдануға 2012 жылдың тамызында берілді.

Ақтөбе облыстық оңалту орталығы, Алға қаласы
«Ксил» балаларға арналналған ойын алаңшасы, аумағы 150 шаршы метр, қолдануға 2012 жылдың тамызында берілді.

Теміртау қ. облыстық арнайы мектеп-интернат
Көпфункционалды спорттық алаң, аумағы 450 шаршы метр, мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнау үшін арналған, «жасанды шөппен» төсенген және контур бойынша прожектермен жарықтанған, қолдануға 2012 жылдың қыркүйек айында берілді.

Қызылорда қаласындағы Сәбилер Үйі
«Ксил» балаларға арналналған ойын алаңшасы, аумағы 150 шаршы метр, жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөппен» төсенген, қолдануға 2012 жылдың қазан айында берілді.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 10 жыл жұмыс жасап келе жатыр. 2700 балалар үшін 10 қаладағы 17 әлеуметтік мекемелерге 26 спорттық нысандар тұрғызылды.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.


Медициналық жоба

Аталмыш жобаның аясында медициналық мекелерге қажетті жабдықтармен және медикаменттермен қамтамасыздандыру, емделіп жүрген пациенттерге қолайлы жағдайлар ұйымдастыру және қатерлі ауруға шалдыққан адамдарға уақытылы көмек көрсету.

2012 жыл – 
Қарақастектегі Сәбилер үйі
- ?тальяндық жұмсақ жиһаздың екі жинағы берілді, барлығы 30 адамға есептелген.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- Тамақ жасайтын блокқа мұздатқыш агрегаты сыйға тартылды, оның ішінде жеткізу және орнықтыру жұмыстарын қоса.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ
- Кішкентай пациенттер үшін балалар ойын бөлмесі жабдықталды.


Арнаулы көмек

- Церебральді салға шалдыққан Никитаға қамқорымызды ары қарай жалғастырудамыз, оған мүгедектерге арналған арба, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен алып бердік;
- Арианна, 10 жаста – энетеровирусты этиологиялық энецефалитқа шалдыққан, оған емделуіне қаржылай көмек көрсетілді.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 10 жыл жұмыс істеп келе жатыр, еліміздің 7 қаласындағы 16 емханаларына көмек көрсетілді, 290 000 жуық пациенттер жобаның бенефициары болды.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.


Жасөспірімдер жобасы

Бұл жоба жетімдер үйлерінің түлектерінің социуамға кіру кезінде болатын мәселелерді шешуге бағытталған. Оның аясында үй-жайсыз қалған жастарға жеңіл шарттармен өз баспанасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

- шілде – тұрғын-үй жинақ келісім-шарттары жетімдер үйінің екі түлегімен, «Сәби» Қайырымыдылық Қорымен және «Қазақстанның тұрғын-үй жинақтау Банкі» АҚ-мен жасалды. «Сәби» Қоры Қазақстанның тұрғын-үй жинақтау Банкісіне әр қатысушының атынан Алматы қаласындағы 1-бөлмелі пәтердің құны тұратын соманың 50 пайызын өтеді.

Ендігі салымдарды қатысушылардың өздері жүргізетін болады. Бенефициарлардың жалпы саны 8-ге жетті.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.

«Өркендеу» құрылыс жобасы

Жоба Қазақстан Республикасының әлеуметтік мекемелерінде, оның ішінде емханаларда, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда тұрмыстық жағдайларын көтеруге бағытталған. Жаңа ғимараттар салынып, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту және жабдықтау жұмыстары атқарылады.

2012 жыл – 
Қызылорда қ. Сәбилер үйі мемлекеттік мекемесі үшін жаңа ғимаратты салу бойынша қомақты жұмыстары жүргізілді. Қазір бүлдіршіндер қаңқасы қамыстан тұрғызылған апаттық ескі құрылымдарда тұруда. «Сәбидің» тапсырысы бойынша құрылыстың ең жаңа шарттары мен технологиялары бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалды. Қазақстанның

27.12.2012
28.12.2017
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

2017 жылы "Сәби" Қоры өзінің 15-жылдық мерейтойын өте ауқымды жобалармен атап өтті – Алматы қаласында жалпы білім беретін 1200…

Жалпы ақпарат
26.12.2016
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында сіздердің назарларыңызға инфографика…

Жалпы ақпарат
26.12.2014
«Сәби» Қайырымдылық қоры,…

2014 жыл «Сәби» қайырымдылық қоры үшін аралық қорытынды жасау, бұрынғы жобаларды қайта құру және жаңа межелерді анықтау жылы…

Жалпы ақпарат