«Сәби» қоры айтулы награданы иеленді

«Сәби» қоры айтулы награданы иеленді Еуропалық Бизнес Ассамблеясының ұйымдастыруымен наурыз айының басында Лондонда өткен «2011 Энергетикалық Саммиті» біздің Қор үшін айрықша оқиға болды. Саммит жұмысының ажырамас бөлігі болып табылатын жыл сайынғы Халықаралық Сократ Сыйлығын табыстау рәсімінде «Сәби» қайырымдылық қорына Ханшайым ВикторияныңQueen Victoria Commemorative Medal») құрметті наградасы берілді, бұл - «Сәби» қорының асыл қазынасынан ерекше орын алған адалдық, адамгершілік құндылығы мен қажыр-қайрат үшін берілетін эксклюзивті ағылшын сыйлығы.

«Ханшайым Виктория атындағы награда біз үшін, сөз жоқ, үлкен жетістік болды, өйткені халықаралық деңгейдегі тану ұйымның жұмысындағы жаңа кезеңнің басталуын атап көрсетеді», - деп марапаттау туралы түсінік береді Қор Президенті Тасмағамбетова А. ?.

Біз филантропия саласындағы қызметімізге жоғары баға бергені үшін Еуропалық Бизнес Ассамблеясына зор алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта әлеуметтік әл-ауқат пен қазіргі заманғы қоғамды ізгіліктендіру идеяларын ынта-құлшыныспен алға жетелейтін боламыз.

Біздің марапаттарымыз

15.04.2011