Домбыра-Дастан» гала-концерті

Бүгін Алматы қаласында І республикалық балалар мен жасөспірімдер «Домбыра-Дастан» атты домбырашылар байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған гала-концерті өтті.

Мерекелік іс-шара Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен залында өтті, кеш бойы қонақтар үшін Құрманғазы ат. қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Қоюшы режиссері – Қордың үлкен досы, белгілі композитор Ренат Гайсин болды.

Байқауда құрметті қонақ ретінде мемлекет және қоғам қайраткері, меценат, саяси ғылымдар докторы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов болды.

«Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова құттықтау сөз сөйледі: «Домбыра-Дастан» байқауының негізгі мақсаты – жеті түрлі күй мектебін дәріптеу және жас дарындарды ашу болып табылады.

Биыл Сәби Қоры өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде біз түрлі бағдарламалар мен іс-шаралар аясында 1200-ден астам жас таланттарды қолдадық.
Мен осындай бастамалардың арқасында болашақта еліміздің имиджін көтеріп, Қазақстанды бүкіл әлемге танытатын әртістер пайда болатынына үлкен үміт артамын.

Бүгінгі финалистер арасында Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев және Қаршыға Ахмедияров сияқты ұлы күйшілердің лайықты ізбасарлары бар екеніне сенімдімін».

Консерватория сахнасынан белгілі домбырашылар мен күйшілер Секен Тұрысбеков, Абылай Тілепберген, Айгүл Үлкенбаева, Салтанат Құдайбергенова, Асылбек Еңсепов, Нұркен Әшіров, Танат Сәденовтің орындауында, еңбек сіңірген дирижер және композитор Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен қазақтың ұлы күйлері шырқалды.

Музыканттар «Күй-тартыс» қойылымы кезінде аспапты асқан шеберлікпен игергендерін көрсетті.  

Халықаралық байқаулардың лауреаты Ержан Максим қонақтар үшін арнайы «Домбыра туралы баллада» композициясымен өнерін көрсетті.

Сонымен, байқау жеңімпаздары:

Кіші топ:

Гран-при және 8 миллион теңге көлеміндегі грант – Даулетбай Аяна.

1 орын және 6 миллион теңге көлеміндегі грант – Сәрсенғазы Айтұмар, 2 орын және 4 миллион теңге көлеміндегі грант – Әліпбек Дарын, 3 орын және 1 миллион теңге көлеміндегі гранттар Тукулов Азамат және Құрманжан Әсетке бұйырды.

Үлкен топ:

Гран-при және 8 миллион теңге көлеміндегі грант – Сағатбек Нұрдаулет.

1 орын және 6 миллион теңге көлеміндегі грант – Жанатбек Бақдаулет, 2 орын және 4 миллион теңге көлеміндегі грант – Әбдіжәли Бекнұр, 3 орын және 2 миллион теңге көлеміндегі грант – Саят Нұрали.

Жас домбырашыларды жеңісімен құттықтаймыз және келешекте зор шығармашылық жолды тілейміз!

22.05.2022
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар