Биенналедегі Қазақстанның павильонына «Сәби» қоры демеуші болды

«Сәби» қоры қазіргі заманғы өнер саласындағы әлемдегі ең беделді шара – Венеция биенналесінде Қазақстанның бірінші ұлттық павильонының бас демеушілерінің бірі болды.

Меруерт Қалиева, Қазақстан павильонының комиссары: «Венециядағы ұлттық павильондар әлемнің түкпір-түкпірінен келген көптеген үндеулер мен көзқарастар арқылы заман рухын жеткізеді. Қазақстанның шығармашылығын халықаралық ауқымда көрсету мүмкіндігі біздің еліміз үшін өте маңызды сәт болып табылады және павильон Қазақстанда және халықаралық деңгейде қазақтың көркем шығармашылығын қолдауға бағытталған көптеген жобалардың біріне айналады деп сенемін».

«Қазақстан павильонын қолдағандардың барлығына алғыс айтамыз», - деп тағы қоса кетті өнертанушы.

Өз кезегінде сөз алған «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова: «Еліміз соңғы 30 жылда тұңғыш рет әлемдік маңызды әрі беделді көрмелердің бірі Венеция биенналесінде өз павильонын ұсынды. Енді әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнер сүйер қауым сан қырлы мәдениетімізді сезіне алатын болады. Бұл Қазақстан үшін шын мәнінде тарихи оқиға, біз оны, әрине, қолдадық».

59-шы халықаралық La Biennale di Venezia өнер көрмесі 2022 жылдың 27 қарашасына дейін жалғасады. Қазақстан павильонының негізгі композициясы алматылық суретші Сергей Калмыковтың идеясы, өмірі мен шығармашылығынан шабыт алған.

 

19.07.2022
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар