Cәби 12 жылдығын тойлауда!

Cәби 12 жылдығын тойлауда! 12 жыл бойы «Сәби» Қоры қайырымдылық көмегін сәбилерге, жетім балаларға және қозғалысы шектеулі адамдарға көрсетуде.

Казіргі кезде Қазақстанда «Сәби» атын ең батыл және орасан зор жобаларды іске асырумен байланыстырады, соның ішінде: Қазақстанның 16 қалаларында тегін тасымалдау қызметін атқаратын 62 «инватакси» көліктері, еліміздің және әлемнің ең беделді ЖОО-да Қордың грантымен оқып жатқан дарынды студенттер, Қызылорда қаласында Сәби үйіне арналған жаңа ғимараты, еліміздің балаларға арналған әлеуметтік мекемелерінде 29 заманауи спорттық нысандары, 17 емдік мекемелеріне тапсырылған медициналық жабдықтар және солармен қатар біздің ұйыммен атқарылған көптеген басқа істер.

Осы жылы біз мүшел жасқа кіреміз – осылай қазақта барлық зодиак белгілерінің бір айналым жасағаннан кейін бірінші 12 жылдық кезеңнен келесі кезеңге аяқ басуын айтады. Осындай ауыспалы кезеңде өткен жылдардың қорытындысын жинақтап келешекке жаңа көзбен қадалған дұрыс.

Атқарған жұмысымызды мақтан тұтамыз және де бізде орасан зор жоспарларымыз бар – Қордың қызметінде келешекте үлкен өзгерістер күтіп тұр: жасалып жатқан жобаларды қайта құрылымдау және жаңаларын ашу. Астана қаласында ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 100-120 орынды отбасылық түріндегі балалар ауылының салынуы туралы жоба іске қосылды. Сондықтан біздің мүшел жасымыз бізден көп қаражат пен күш-қуатты керек етеді.

12 жыл бойы бізбен болған барлық достарымызға қамқорлығы үшін және қатысқаны үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздердің көмектеріңізге баға жетпес!

22.04.2014
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар