Балалар хосписіне үлкен көмек

Бүгін «Мен сенімен біргемін» ұранымен Балаларға паллиативтік көмек көрсету орталығына жедел жәрдем көлігі мен медициналық құрал-жабдықтарды ресми табыстау рәсімі өтті.

Біздің Қор арқылы балалар хосписін қолдауға арналған краудфандинг науқанын блогерлер – Бейбит Алибеков, Алишер Еликбаев және кәсіпкерлер Максим Сәрсенов, Руслан Идриссов және Еркін Длимбетов жүргізді.

Акция аясында жиналған қаражатқа Hyundai H350 автокөлігі базасында толық жабдықталған жылжымалы медициналық зертхана, сондай-ақ қосымша жабдық – өкпені жасанды желдету аппараты, ингаляциялық аппарат, автоматты гематологиялық анализатор, портативті ультрадыбыстық бейнелеу жүйесі сатып алынды.

Сонымен қатар, автокөлікке айтарлықтай жеңілдік жасаған «Астана Моторс» компаниясының арқасында «Балақай, мен сенімен біргемін» атты паллиативтік көмек орталығының тағы бір маңызды жобасын қаржыландыруға мүмкіндік алдық. Жобаның мақсаты – шала туылған нәрестелер мен әртүрлі патологиялары бар жаңа туған нәрестелердің жас аналарына көмек көрсету. Атап айтқанда, олар үшін мекеме бала туылғаннан кейінгі алғашқы 6 айда қажет киім-кешек, жаялық, балалар тағамы, ойыншықтар, жеке гигиена құралдары, дәрі-дәрмектер және т.б. жинақтарды сатып алады.

Құны 5 500 000 теңге болатын 110 жиынтық қиын өмірлік жағдайға тап болған, әлеуметтік проблемалары бар және перзентханадан шығаруға және өмірінің алғашқы айларында баланы күтіп-бағуға қажет қаражат тапшылығы бар әйелдерге айтарлықтай қолдау болмақ.

Осылайша, балалар хосписіне көрсетілген көмектің жалпы сомасы 47 457 544 теңгені құрады.

Науқанға белсенді қатысқан және қаражат бөлген әрбір адамға зор алғысымызды білдіреміз. Сіздің жомарттығыңызға рахмет!

 

11.03.2022
15.03.2024
«Мейірімді бол»…

«Qara» студиясы мен «Сәби» қорының «Мейірімді бол» қайырымдылық акциясына атсалысқан барша жандарға…

Қайырымдылық шаралары
27.02.2024
«Мейірімді бол»…

Бүгін Алматыда Qara шығармашылық бірлестігі «Сәби» қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Мейірімді бол» қайырымдылық…

Қайырымдылық шаралары
18.11.2022
Saby x Bvlgari қайырымдылық…

«Сәби» Қоры көп жылдар бойы өз тарихын жоғары деңгейде қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Біз 2008 жылдан бастап…

Қайырымдылық шаралары