Қайырымдылық әлеуметтік саясаттың бастауы ретінде

 

Сарапшылардың пікірінше, 2020 жыл жаһандық экономикалық дағдарыстың басталуы мүмкін дейді. COVID-19 туындаған пандемия көптеген кәсіпорындар, әсіресе шағын және орта бизнес үшін банкроттық жағдайға әкелуі, нәтижесінде жаппай жұмыссыздық орын алуы мүмкін деп болжамдайды.

Дағдарысты еңсеру үшін бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру, бір арнаға шоғырландыру қажет. Сондықтан, әлеуметтік мәселелерді шешудегі ҮЕҰ-дың рөлін түсіну өте маңызды, себебі әлеуметтік дамуға орасан зор үлес қосады десек артық айтқандық емес. Шынында да, қиын-қыстау кезеңдерде қайырымдылық өзекті және маңызды орын алады.

Әрине, сөзсіз Қазақстандағы қайырымдылық маңызды эволюциялық дамудан өтті. Соңғы жылдары біз жеке және корпоративті қайырымдылық мәдениетінің қалыптасқанының куәгері болдық. Жаңа технологиялардың қарыштап дамуына байланысты краудфандинг және онлайн-қайырымдылық көрсету форматтары пайда болды. Еріктілер ұйымдары мүлде жаңа сапалы деңгейге жетті. Сектордың әлеуметтік өмірге әсерін жоққа шығару қисынсыз болар еді. Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдардың ел экономикасына қосқан үлесі 4-5%-ды құрайды. Денсаулық сақтау және білім беру көмек көрсетудегі дәстүрлі қызмет салалары болып табылады.

Алайда, тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Қазақстанда қайырымдылықтың әртүрлі нысандары болғанына қарамастан, үкіметтік емес ұйымдар, өкінішке орай, не кәсіби сектор, не мекеме бола алмады. Қайырымдылықты көпшілік аудитория әлі де PR әдісі немесе күш құрылымдарының мейірімділігіне қол жеткізу әрекеті ретінде қабылдайды. Мемлекет тарапынан ғана емес, сонымен қатар қоғам тарапынан да негізгі кілт буыны екендігіне сенбей жатамыз.

Өкінішке орай, «қайырымдылық» деп аталатын акциялардың көп бөлігі жеке тұлғаларға арналған қайырымдылық жарналар болып табылады (олар, сәйкесінше кей жағдайларда алаяқтар болып шығады). Әлі күнге шейін еріктілер атын жамылғандар да көше бойларында өз жұмыстарын гүлдендіруде. Мұның барлығы қоғамдағы қорға деген сенімсіздіктің тағы бір дәлелі. Жетілмеген құқықтық инфрақұрылым ұйымдастырылған жеке қайырымдылықтардың дамуына кедергі келтіреді.

18 жылдан астам уақыт ішінде, республикалық маңызы бар 10 жобаны іске асыра отырып, мемлекет коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметін шектемейді деп мен сеніммен айта аламын. Үлкен әлеуметтік нысандарды салудағы біздің тәжірибелеріміз нақты мысал бола алады: Қызылордадағы 60 орынға арналған балалар үйі, Ақтөбедегі балалар үйінің түлектеріне арналған 80 пәтерлі коттедж қалашығы, Алматыдағы 1200 орынға арналған орта мектеп және т.б. Осы нысандарды салу кезінде қор барлық салықтарды, оның ішінде ҚҚС-ты мемлекетке толығымен аударуға мәжбүр болды. ҚҚС бойынша төлемдердің жалпы сомасы 365 миллион теңгені құрады. Сонымен бірге, Еуродақ елдерінде, мысалы, үкіметтік емес ұйымдарға қатысты салық заңнамасы бұл ұйымдарды «қоғамдық мүддеде жұмыс істейді» деп жіктейді: олар ҚҚС есептеу және төлеу міндеттерінен босатылған. Сонымен қатар, КЕҰ сатып алатын тауарлар мен қызметтерге ҚҚС мөлшерлемесін төмендету қарастырылған. Тіпті Ресейде құрылыс жұмыстары қосымша құн салығынан босатылады.

Сонымен қатар, бізге инфрақұрылымды қалыптастыруға да, байланыс құралдарынан да ешқандай көмек болмайды. Қорытындылай келе, қор мемлекеттік және қалалық құрылымдардың қолдауынсыз көптеген нысандарында сыртқы және ішкі желілермен жұмыс жасауға мәжбүр болды. Әлеуметтік нысандарға арналған жер телімдері әдетте, қала орталығынан, өркениеттен алыс жерде ең беделді жерлерде орналастырылмайтындығын ескере отырып, желілерді қосуға кететін шығындар сметаның көп бөлігін құрайды.

Әкімдіктер де ҮЕҰ-мен серіктестік жасаудың құқықтық механизмі мүлдем жоқ. Бізде бар жалғыз ресми құжат - бұл әкімдік пен қор арасындағы меморандум, іс жүзінде заңды күші жоқ келіссөз. Бұған жердегі шексіз ротацияны қосыңыз, әр кездесуден кейін бәрін қайта бастау керек: қайта-қайта түсіндіріп, жаңа бюрократтардан көмек сұрауды қосыңыз. Бірақ бұл бәрі емес! Құрылыс аяқталғаннан кейін «бас ауруы» бұл нысанды қаланың балансына беру болып табылады. Жергілікті жердегі бюрократиялық кідірістер, жұмыстардың кәсіби дәрежеде болмауына байланысты бұл процедура кейде бірнеше жылға созылады. Біздің елде ешкімге жаңа мектептер, ауруханалар, мұражайлар қажет емес сияқты көрінеді...

Жер телімі бойынша  құжаттарды қабылдау, келісудің күрделі процесі шексіз бюрократия бұның барлығы жұмыстың жүруіне кері әсерін тигізіп жатады, бірақ бұл әкімдіктер жанындағы департамент қызметкерлерінің кейде қылмыстық тұрғыдан жеңіл жағын ойлайтын немқұрайды көзқарастарымен салыстыруға келмейді! Мен бұл жағдайды ұмытпайтын шығармын, Қызылордада жер телімдеріне қатысты мәселеде келісіп, құрылысқа рұқсат алғаннан кейін біздің жұмысшылар қорқынышты «қазынаны» тапқандарын ешқашан ұмытпаймын: әкімдік бұл жағдайда күдіктенбеген жерасты газ құбыры болды - газ құбыры тіркелмеген. Қанша адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін екенінің өзін елестету қорқынышты! Ең соңында, біз өз еркімізбен әкімшілік тозақтың барлық шеңберлерін аралап, құрылысты аяқтағаннан кейін, бізге бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған жұмыстарымызды айту мүмкіндігіне де ие бола алмадық. Өйткені, бұл жарнама! Ал Сіз бұл үшін ақы төлеуіңіз керек ...

Елдің ҮЕҰ-ға деген көзқарасын түбегейлі өзгерту үшін мемлекет пен қоғамнан тарапынан нақты қолдау шаралары қажет. ҮЕҰ мен әкімдіктердің ынтымақтастығының құқықтық базасын әзірлеу қажет, қайырымдылық саласындағы соның ішінде ірі әлеуметтік нысандар салу кезіндегі салық заңнамасын жақсарту қажет.

Егер КЕҰның ұзақ уақыттан бері азаматтық қоғамның қозғаушы күші болғандығын, ал оның шын мәнінде ел экономикасы үшін үлкен үлесі бар басқа елдердің тәжірибесін қарастыратын болсақ, онда салық жеңілдіктері олардың қызметін реттеудің негізгі тетігі, маңызды құралы болып табылады. Атап айтқанда, Америка Құрама Штаттарының билігі ҮЕҰ-ға негізгі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру міндетін жүктей отырып оған бірқатар салықтық жеңілдіктер ұсынады: донорлық компаниялар федералды кіріс салығынан, бірқатар жергілікті салықтардан босатылса, қайырымдылыққа қаражат салатын жеке тұлғалар, салынған инвестициялардың сомасына табыс салығынан босатылады. Нәтижесінде КЕҰ-ның АҚШ ЖІӨ-ге қосқан үлесі 10% құрайды.

Еуропада қайырымдылық қорларына салық шегерімдері қабылданған. Шегерім шегі елге байланысты өзгереді, бірақ әдетте салық кірістің 10–20% құрайды. Бірақ, мәселен, Ұлыбританияда қайырымдылық суммасы шектеусіз шегерімге дейін қолданылады. Статистика бойынша Ұлыбритания қайырымдылық ұйымдарының саны бойынша көшбасшылардың бірі болып отырғандығы таңқаларлық жағдай емес. Бұл тәжірибені де қолдануға болады.

Қазақстанның салық заңнамасында КЕҰ-ны КТС-дан босату қарастырылған. Рақмет, бірақ ... Сонымен бірге, үкіметтік емес ұйымдар дегеніміз - коммерциялық емес ұйым, яғни оның қызметі, негізінен, коммерциялық мақсаттар үшін табыс алуға бағытталған емес екенін мемлекет ұмытып кететін сияқты. Ресейде қайырымдылықты ынталандыратын салықтық жеңілдіктер 1996 жылдан бастап қолданыла бастады, бірақ 2002 жылы жойылды. Мынадай сұрақ туындайды: бұл барлық транзиттік мемлекеттердің саясаты ма? Ал транзит мерзімі бар ма?

Біз мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы өзара ынтымақтастық нысандарын дамыту идеясын ұсынғымыз келеді. Біз сияқты қорлар өз күштері мен қаражаттары есебінен көмек қажет жерлерде қолдау көрсетуге мүмкіндік туындайтындай, ізашарлар рөлін алуға дайын. Осылайша, мемлекетке жаңа бағыттардың дамуы барысындағы ұзақ қалыптасу жүйесіндегі соққыларға тәуекелге барудың қажттігі туындамайды. Біз дайын, нақтыланған жобаны ұсынамыз. Мемлекеттің міндеті - оны қабылдау және дамытуды жалғастыру. Себебі бірде-бір қор ұзақ уақыт бойы ауқымды ұлттық жобаларды қолдауға қауқарсыз. Ресурстар жеткіліксіз. Сайып келгенде, мемлекет өзіне ең жақсы, ең қажетті бағыттарды таңдауға мүмкіндік алады. Біз тіпті конкурсқа қатысуға да дайынбыз: ең жақсы жобаны таңдасын. Мысалы, біздің «Мүгедектерге - лайықты өмір» жобасы. Жоба 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, ол егжей-тегжейлі әзірленіп, еліміздің барлық аймақтарында ұсынылған. Біз оны мемлекетке біздің тарапымыздан ешқандай шарттар мен талаптарсыз жай ғана беруге дайын едік. Егер жоба ары қарай өмір сүрсе, пайда әкеледі! Түйіндейкелсек, көмекке зәру адамдарды қолдау - мемлекеттің әлеуметтік рөлдерінің бірі.

Менің ойымша, прогрессивті қоғамның басты критерийлерінің бірі - қоғамның қайырымдылыққа деген көзқарасы және азаматтардың өз елінің әлеуметтік өміріне араласу деңгейі жоғары болу қажет. Бұл ретте қайырымдылық саяси мақсаттарға қызмет етпеуі қажет, себебі қайырымдылыққа адал сипат бермеуі мүмкін екенін түсіну өте маңызды.

Мемлекет пен КЕҰ арасындағы серіктестік пен өзара көмек жүйесін жолға қойып, біз қоғамда сапалы және оң өзгерістерге қол жеткізе аламыз. Қайырымдылық қызметінің ауқымын кеңейту, оның тиімділігін арттыру, жүйелі тәсілді енгізу және белсенді азаматтарды барынша тарта аламыз. Өйткені тек бірлескен күшпен ғана қайырымдылық секторын жаңа деңгейге шығаруға болады.

 

12.05.2020
09.03.2023
Әсел Тасмағамбетова "Өз…

"Сіздердің алдарыңызда тұрып, көздеріңізге қарағанда: "неткен жас, өршіл және батыл жандар", - деп таң қаламын!…

Блог
30.11.2022
Бақытты өмір сүру – игі…

«Бақытты өмір сүру – игі істерге қатысты болу. Біз бақыт сезімін үнемі емес, белгілі бір сәттерде сезінеміз, ал…

Блог
14.06.2022
«Сәби» Қорының президенті…

«Қадыр атамыздың кезінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бізге өз аманатын айтып кеткен…

Блог