H&M-нің қайырымдылық акциясы

«H&M Казахстан» танымал киім брендінің қайырымдылық шарасына «Саби» Қоры қатысып өз үлесін қосты. Акция аясында компания аз қамтылған отбасыларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, медицина қызметкерлеріне және коронавирустық пандемияға байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға 8000-нан астам әйелдер, ерлер мен балаларға арналған киім-кешектерді сыйға тартты.

Біздің қор Семей қаласындағы университет ауруханасының медициналық қызметкерлеріне H&M ұсынған жаңа киімдердің 2 805 данасын таратуға көмектесті.  Бұл іс-шара қарқынды режимде жұмыс істеп жатқан аурухана қызметкерлерінің қаржылық мүмкіндіктері қиын уақытта елеулі қолдау болып табылады.

 H&M компаниясына біз осындай ізгі ниеттері үшін ризашылығымызды білдіреміз.

 «Бизнестегі жетістіктер тек компанияның қаржылық тұрақтылығымен ғана анықталмайды.  Нағыз сәттілік басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған нақты іс-әрекеттермен де көрінеді.  H&M компаниясы осындай қиын уақытта әлеуметтік жауапкершілік көрсетіп, өзінің толық корпоративтік өміршеңдігін дәлелдейтініне мен өте қуаныштымын.  Белгілі әлемдік брендтің үлкен желісі біз сияқты қорларға сенім артып, қайырымдылық идеяларын жүзеге асыру үшін бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етуі бізді қатты қуантуда», - деп, «Сәби» Қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова өз ойымен бөлісті.  

10.06.2020
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар