Жастар Үйіне арналған футбол алаңы

Жастар Үйіне арналған футбол алаңы Балалар үйлерінің түлектері кәмелеттік жасқа толған бетімен, Алматы қаласындағы «Жастар үйі» әлеуметтік мекемесінің тәрбиленушілері болып орналастырылады. Ол жерде балалар 23 жасқа дейін жатақхананың принципімен тұрады: өздері азық-түлік сатып алып, тамақ жасап және коммуналды қызметтерін төлейді. Шыны керек, мемлекеттік қамқорлығында өскен бозбалалар мен бойжеткендерге өз бетімен тұрмыс құру талай қиындықтарға әкеп соқтырды, оның ішіне: жұмыс іздеу керек, тамақтануға, оқуға және киімге ақша табу деген сияқтылар. Мекеме жұмыскерлерінің қаншалықты көмек көрсеткеніне қарамастан, жастарға әлеуметтік қоғамға қосылу процессі ауыртпалықтар туғызып, күнделікті өмірдің физикалық қарама-қарсылыққа төзуі оңай емес болып, әсіресе жаңа реалияларға психологиялық бейімделуі қиын болып отыр.

Осындай кезде көмекке спорт келеді. Тек қана ол жастарға сүйеніш болып, болашаққа көзқарасын өзгертіп, екі аяғымен тік тұруға демеу береді. Жастар волейболмен, баскетболмен, күреспен айналысады, бірақ ең сүйікті ойыны – футбол болып табылады, сондықтан болар ер балалардан ғана емес, қыздардан тұратын командаларын құрылып, әр түрлі қалалық жарыстарда қатысып жүр.

Бірақ олар бір мәселеге тіреліп қалды – футбол алаңының жоқтығынан, спортсмендеріміз ашық алаңда ойнап, шаң жұтып жүгіруге тура келді. ?р-түрлі балалар үйлеріне көмек көрсетіп жүретін демеушілер, ер жеткен жетімдердің проблемаларын елемегендей болып, ешқандай қолдау көрсетпейді.

Бұл жайды жан-жақты ескере отырып, «Сәби» Қоры өзінің «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасын іске асыратын бағдарламасына Жастар Үйін қосты, сонымен қатар бұл мекемеге алдынғы жылдар бірнеше рет басқа да көмек көрсетілген болатын. Енді міне, 800 шаршы метрлік, жарақаттанудан сақтайтын арнайы «жасанды шөппен» төселген және контурлы прожекторлармен жарықтандырылған мини-футбол ойнайтын алаң салуға шешім қабылданды. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргілізіп жатыр, жастардың көптен күткен сыйлығы 1-ші қыркүйекке дайын болуға жобаланып отыр.

Фоторесурстер

Сілтемелер:
"?звестия Казахстан"

02.08.2011
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер