Армандар орындалуы тиіс!

Армандар орындалуы тиіс! «Сәби» Қайырылымдылық Қорының қалыптасқан дәстүріне сай, «?лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының аясында Грант иегерлері атанған «әлемдіктердің» айрықша жағдайларда қол жеткізген жетістіктерімен біз аса қуанышпен бөліскіміз келіп отыр.

Талантты жас әншілер Сыдықов Жасұлан мен Алдыбергенов Тимур, 16 желтоқсанда ел ордамыздағы «Астана-Арена» алаңында өткен еліміздің 20-жылдық тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – халқымның жеткен арманы» атты орасан зор шоу – Гала-концертінде қатысу мүмкіндігін «Сәби» Қорының қолдауымен алды.

Салтанатты шараның көрермендері Егеменді Қазақстанның қалыптасу тарихын айқындайтын көптеген театрландырылыған және цифрлі форматта көрсетілген қойылымдарды тамашалады. Олардың ішінде, біздің екі дарынымыз қатысқан трионың орындаған жан түршігерлік «Арман» атты әнімен сүйемелдеген жарықтық 3D графика арқылы ғарыш кемесін «ұшырған» көрсетілім ең көз тартарлық болды.

?ннің аталуы «әлемдіктердің» жан дүниесінің күйін сипаттап отырғандай болды, өйткені барлық телеарнада трансляцияланған көрсетілімде өнер көрсету олардың аңсаған арманы болған еді.

Бұл концерт аса ірі деңгейімен, сонымен қатар трионың бірінші даусын қазақстандық атақты опералық әнші, халықаралық сайыстардың лауреаты атанған, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының орындаушысы – Медет Чотабаев орындағандығымен және керемет әннің әуенін дарынды музыкант, композитор және аранжировщик, «?лем» Бағдарламасының сарапшысы – Ренат Гайсин осындай ерекше оқиғаға арнайылап жазғандығымен Тимур мен Жасұланның естерінде мәңгілікке қалатын болады.

Біз өз тарапымыздан отандастарымызды тағы бір рет Тәуелсіздік Күнімен құттықтап, ардақты тілкетеріңіз қабыл болып Алланың нұры жаусын деген тілек білдіргіміз келеді!

Армандар орындалуы тиіс! Армандар орындалуы тиіс!






Сілтемелер:
Астана қаласының ресми сайты
Егемен Қазақстан

21.12.2011
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар