BALALAROOM Ф?НАЛДАН КЕЙІН ЖАРТЫ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ

BALALAROOM Ф?НАЛДАН КЕЙІН ЖАРТЫ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ Біз 2017 жылғы “Өз бизнесіңді құр” конкурсының финалға қатысушылары туралы басылымдар сериясын бастаймыз. Сөз болатын алғашқы финалға қатысушы балалар мен ересектерге арналған үстел ойындарын өндіру бойынша “Balalaroom” жобасының негізін қалаушы Сергей Тейфель. Осындай бизнес идея Сергейге жақын арада ғана келген, алайда бір жыл ішінде алғашқы өнімін жасап қана қоймай, біздің конкурсымызда грант ұтып алып, меншік цехын және “Balalaroom” отбасылық демалыс клубын ашу мүмкіндігіне ие болды. Толығырақ біздің материалымызда.

Balalaroom жобасының пайда болуы туралы
Мен үшін “Balalaroom” жобасы Profiland” мамандықтар қаласының басшысы болған кезде пайда болды. Бұл қалада түзеткім келген, бірақ кейбір жайттар салдарынан түзете алмаған сәттер болды.
Сондықтан біреудің бизнесіне енгізгім келген нәрселерді өз ісіме енгізуді шештім. Дәл сол уақытта үстел ойындарымен идея пайда болды. Үйде балалық шағымнан бері үстелде латыш халық ойындары тұрған. ?кем әрқашан айтатын: “Осындай ойындарды сатайық”, - деп. Маған бір ойын аз көрінді. Біз бүкіл әлем бойынша үстел ойындарының нарығын зерттей бастадық. Қазақстанда жоқ, үстел ойындарының және дамытатын ойындардың орасан зор екенін түсіндік. Мен сондай бірнеше ойынды сатып алып, адамдарға қаншалықты қызықты екенін түсінгім келді. Адамдар ұнатты. Сол уақытта “Сәби” қайырымдылық қоры, Кенес Ракишев пен Вячеслав Ким өткізіп жатқан, “Өз бизнесіңді құр” конкурсы туралы білдік.

Алғашқы ойындар туралы
“Өз бизнесіңді құр” конкурсында грант алғанға дейін шамамен бір жыл бұрын біз алғашқы ойынымызды жасадық. Мен әлі жалдамалы жұмысшы болатынмыз, алайда ойынды жақсырақ ету ойым болды, нарықты зерттедім. Грант толық құнды өндіріске шығуға, өз идеяларымызды іске асыруға көмектесті. Бұған дейін қаражат жетіспеді.

Бастапқы капитал және меншік цех туралы
Біз өз қаражаттарымызды пайдаландық. Шетелде ұқсас ойындарды сатып алу үшін бір миллион теңге қарызға алдық. Ойындарды алғаннан кейін, жеткізу және өндіру өте шығынды екенін түсіндік, сондықтан бастапқы үлгі-нұсқаларға ие бола отырып, ойын үстелдерін өзіміз өндірейік деп шештік. Достарымда жиһаз цехы болды. Олардың базасында меншік ойындарымызды өндіреміз деп келістік. Кейінірек гранттың көмегімен өз цехымызды ашу мүмкіндігіне ие болдық. Ол өте жайды болып шықты, 300 шаршы метр, меншік бояу студиясы бар. Бұдан былай құрал-саймандар мен станоктармен бөлісіп керек жоқ. Қазір цехте менен басқа тағы 3 адам жұмыс істейді. Конкурстан кейін тапсырыс көбейе түсті.

Өткізу нарығы туралы
Біз бастапқыда жеке меншік тапсырыстармен емес, ұйымдармен жұмыс істеуді шештік. Себебі ойыншықтарды үйге сатып алған кезде, біз балалармен бірге ойнамаймыз. Адамдар солай қалыптасқан. Содан кейін ойыншықтар шаң басып қалады. Ал спорттық ойындарда тұрақты нетворкинг, ойнауға болатын серіктес қажет. Сондықтан ойындарымызды балалар орталықтарына, әртүрлі қорларға сата бастадық. Біздің ойындарымыз мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы. Аймақтардан біздің ойындарымызға қызығушылық білдіріп жатады, Орал мен Астанадан клиенттеріміз бар.
Жақын арада біз Алматыда меншік ойын бөлмесін аштық. Жалпы, Кенес Ракишев пен Асель Тасмагамбетоваға ұсынған бизнес-жоспарымызда жоспарланғанның барлық орындай алдық. Қазіргі уақытта өнімімізді жылжыту мәселесіне көңіл бөліп отырмыз.

Ассортимент туралы
Бізде қазір 15 ойын түрі бар. Олардың арасында кәсіпқой нұсқалары бар. Теңіз бильярдының жеке бағытын дамытуды жоспарлаймыз. Біз теңіз бильярдының халықаралық федерациясымен ынтымақтастықтамыз. Бұл ересектерге арналған үстел ойындарының клубы болады. Осы ойынды дәріптеумен айналысудамыз, себебі әлемде ол өте танымал.

Бағалар туралы
Бір үстел шамамен 100 000 теңге тұрады. Барлығы мақсатқа тәуелді. Кейбір жерлерде үстелдер күнделікті пайдаланылады, онда аса қымбат әрі берік үстелдер қажет. Мысалға, сабақтар аптасына бір рет өткізілетін балалар орталықтарында арзанырақ үстелдерді пайдалануға болады. Мақсаттарға тәуелді ойындарды өндірудің бірнеше нұсқалары бар, клиенттерге әртүрлі опцияларды ұсына аламыз.

Ойындар мен балалар туралы
Біздің ойынды жеті жастан асқан балалар ойнай бастайды. Алайда бұл жеке балаға, баланың қаншалықты шоғырлана алатынына, қандай да бір тапсырманы 10 минуттан артық орындай алатынына байланысты. Бұл жасқа дейін балалардың назары сейілген.
Біз жарысу бөлігіне, ұпайларды жазу және т.б. бөліктерге көп уақыт бөлеміз. Клубымызда үлкен әріптермен Wi-Fi жоқ деп жазылып тұр. Ата-аналар бұны қолдайды. Бізде қызықты болғандықтан балалар телефонда отырмайтынын түсінген едім.

Бизнестің жаңа бағыттары туралы
Маған тіл үйрену қызықты. Қазақ тілін үйрену өте қажет. Осы мәселеге тап болдым. Алайда нарық ұсыныстары маған келмейді. Мысалы, тұрақты пайдаланатын 10 сөз тіркесім бар. Досымды қазақ тіліне аударып беруді сұрадым, карточкалар жасап, клубта таратып қойдым. Енді қызметкерлер құрам осы сөз тіркестерін жұмыста пайдаланады. Адамдар өз қызметтерін ұсынатын, мысалы бір 10 сөз тіркестің аудармасын арзанға алуға болатын портал құрса жақсы болар еді.

Кәсіпкерлік сапаны дамыту туралы
Мен тұрақты түрде өздігіне білім алумен айналысамын. Бизнесімді жылжытуға білімім жетпейтінін түсінемін. Өз әріптестерімді оқытуға жібердім, олар SMM-мен жұмыс істейді. Көптеген кәсіпкерлік әдебиетті оқи бастадым. ?ртүрлі кәсіпкерлік кездесулерге жиі барып тұрамын. Белгілі бір нетворкинг жетіспейді.
Грант алғаннан кейін бизнесті іске қосып, қалпына келтіруге біраз уақыт өтті. Негізінен бизнес толығымен дәл қазір ғана басталды. Өндіріспен де, жылжытумен де айналысуға тура келеді.
Бір рет, шығармашылықпен айналысып жүргенде мен грант алып көргенмін және жалпы дұрыс пайдалана алмадым. Бұл бір миллион теңге болатын, алайда қазіргі уақытта қаражатты дұрыс пайдаланбау тәжірибесі пайда болды. Бұл тәжірибе осы грантты пайдалануға саналы түрде кірісу мүмкіндігін берді. Кез-келген қате әрекет бизнестің құлдырауына әкеп соқтыруы мүмкін екенін түсіндім. Оған қоса, жақын арадағы 2 жыл ішінде Қазақстанда кем дегенде 20 клуб ашуға уәде берген едім.

Жоспарлар туралы
Біріншіден, ашылған ойын бөлмесін сәтті дамытқым келеді. Жұмысымыздың алғашқы екі аптасы ішінде шамамен 200 адам келді. Біз сатылымдардың әртүрлі түрін пайдаланамыз. Сағат сайын ойнауға болады, сондай-ақ іс-шаралар ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Сарафан радиосы ақырындап жұмыс жасап келеді, бізге жиі хабарласатын болды.
Жақын болашақта аймақтармен көбірек ынтымақтасқымыз келеді. Бізге Қырғызстаннан да қызықғушылық білдірген. Сондықтан белгілі бір франшиза түрлерінде ойластырып жатырмыз. Біз стартап құрудың қолжетімді мүмкіндігін жасауға тырысамыз. Қызмет көрсетеміз, бірнеше жыл ішіндегі атқарылған жұмыстарымызды, барлық серіктестік байланыс ұсынатын боламыз. Үстелдерді қоса алғанда, осының барлығы шамамен 1,5 млн теңге тұратын болады. Бастысы жоба “Balalaroom” брэндімен іске асырылу үшін, толығымен көмектесуге дайынбыз.

Жиырма клуб туралы
Қазіргі таңда жүзеге асатынын нақты білемін. Қиын, бірақ іске асыруға болады. Осы кезеңде бұның жұмыс істейтінін, табыс әкеле алатынын көрсету маңызды. Бұл шынымен жүзеге асатын іс, себебі мұндай ойындар жоқ, ал біздің өніміміз жұмыс істейді.

16.08.2017
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар