AQUAPOINT Ф?НАЛДАН КЕЙІН ЖАРТЫ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ

AQUAPOINT Ф?НАЛДАН КЕЙІН ЖАРТЫ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ Қоғамдық кеңістіктерде, әлеуметтік объекттерде және білім беру мекемелеріндегі таза ауыз-суының қолжетімдігі дені сау ұлттың маңызды элементі болып табылады. Британдық жоғарғы оқу орындарының жас түлектері Галым Байтимбетов пен Айжан Есекинаны бұл мәселені Англияда болғанда қызықтырған. Қазақстанға орала салысымен ішуге болатын бұрқақтарды құрумен айналыса бастады. Бірнеше айдың ішінде бірінші аппарат құрылды. Осы жылдың наурыз айында “Өз бизнесіңді құр” конкурсының жеңімпаздарының бірі атанып, AquaPoint жобасы қаржылық көмек алды, соның арқасында Қазақстанда ішуге болатын бұрқақтар өндірісі жүзеге асу керек.

Жобаның пайда болуы туралы
Біздің жобамыз өткен жылы пайда болды. Біз шетелдегі оқуымызды бітіріп жаттық және оқу соңында өз ісімізбен айналысқымыз келетінімізді түсіндік. Бізге қызықты, қоғамға пайдалы болатын және коммерциялық негізі бар бір іспен айналысқымыз келді.
Ауыз-суын жеткілікті көлемде тұтыну мәселесі мен үшін әрқашан күрделі мәселе болатын. Бұрын әсіресе білім беру мекемелерінде және қоғамдық жерлерде ауыз-суы қажет болғанда табу қиын жағдайлар жиі болатын. Ал шетелде оқыған уақытта бұл мәселе мені мазаламайтынын байқамай да қалдым, себебі университетте жиі ішуге болатын бұрқақтарды пайдаланатынмын. Бұл өте қолайлы және сол уақытта ойыма келгені: “Неге Қазақстанда мұндай нәрсе жоқ?”
?ртүрлі идеяларды қарастырып, Айжан екеуіміз ішуге болатын бұрқақтарды салу бізге қызықты болып қана қоймай, айтарлықтай халық топтары үшін мәселені шешуге көмектесетінін түсіндік. Өскелең ұрпақ үшін, мектептерде, жоғарғы оқу орындарында жақсы ауыз-суын қолжетімді еткім келді. Жобаның барлық оң және теріс жақтарын қарастырып, идеяны іске асыруға кірісуді шештік.

Алғашқы қадамдар туралы
Шамамен бір жыл бұрын біз осы идеямен жана түстік, прототип құра бастады, оны мен Англияда болғанымда жасап шығара бастап едім. ?ртүрлі су тазалау аппараттарын құрастырудағы білім жеткілікті болды. Бакалавриатты Назарбаев Университетінде “химиялық инженер” мамандығы бойынша аяқтадым, одан кейін “Болашақ” бағдарламасы бойынша магистратураны бітіріп “кәсіпкер-инженер” болдым. Ал Айжан “графикалық дизайн мен медиа” мамандығы бойынша оқу бітірген, ол жобаның мәнін ең жақсы тәсілмен, әсіресе ұқсас аппараттармен таныс болмаған адамдарға түсіндіріп, алға бастыруға көмектесті. Жалпы, оқу барысында алған білім мен тәжірибе жобамызды дамытуға өте қатты көмектесті. Прототипті барынша жылдам құрып алып, бұның жүзеге асатынына көзіміз жетті.
Бұдан әрі нарықты аса мұқият зерттей бастадық. Қазақстанда мұндай аппараттар санының аздығы шынымен бізді таң қалдырды. Шамамен барлық жерде диспенсер мен бөтелкедегі су пайдаланылады. Ал қоғамдық жерлерде, әлеуметтік және білім беру мекемелерінде, саябақ пен көлік тораптарында ауыз-су табу адамдар үшін өте қиын.

Алғашқы ішетін су бұрқағы туралы
Біз су жіберу жүйесін құрастырдық. Тұтынылған су көлемін есептейтін бағдарлама әзірледік. Басынан бастап біз жақсы шетелдік аппараттарды зерттедік. Осында, Қазақстанда олардың аналогын жасағымыз келді. Аппараттың қымбат болмауы да маңызды болды. Бірінші аппаратты біз 2016 жылдың қарашасына қарай құрастырып шықтық. Алғашқы үлгісін акрил шыныдан жасауға тура келді. Ол кеңсемізде әлі тұр. Онда екі кран, инфрақызыл сенсор қарастырылған болғандықтан құрамдас бөліктермен белгілі бір қиындықтар болды, сөйтіп аппарат онша дұрыс істемеді. Сонда өндірісті ең қарапайым үлгілерден бастау, құрылымды оңайлату, электрониканы азайту керектігін түсіндік. Жаңа үлгіні металлдан жобалай бастадық, электрондық басқару жүйесіне қосусыз аппараттың ішіне механикалық элементтерді жасадық. Алдымен тәжірибе жинақтап, сосын одан да озық үлгілерге көшкеніміз дұрыс деп шештік.
Өндірісті қайта бастадық, сөйтіп алғашқы темір аппаратымыз қаңтардың бастында дайын болды. Біз оны сынақтан өткізіп, мектепке қойдық, оның қалай жұмыс істейтінін балаларға көрсеттік. Бұл тәжірибе біз үшін өте маңызды болды. Біз оның жұмыс істейтіндігін, балаларға өте ұныйтындығын және шын мәнінде қажет екендігін түсіндік. Балалар үзіліс кезінде үнемі аппаратымыздың қасына жиналатын, суға келетін. Аппарат мектепте тұрақты тұрады ма, деп сұрайтын. Біз үшін ол сынау кезеңі болатын, аппаратты алып кетуге тура келді. Бірақ бұл өте әсерлі сәт болды. Енді Қазақстанда американдық мультфильмдердегігей ішетін суы бар бұрқақтардың бар екендігін естігенімізге қуандық. Шамалы күш салсақ, балаларымыз үшін жақсы дүниелер жасай аламыз. Сондықтан одан да бетер шабытпен жобалау жұмысына кірісіп кеттік.

«Өз бизнесіңізді құрыңыз» байқауына қатысу туралы
«Өз бизнесіңді құр» байқауы туралы біз баяғыдан білеміз. Жаңа байқау туралы бізге өткен жылдың қарашасында белгілі болды. Кәсіпкерлікпен айналысатындығымызды білгендігімізден, байқаудың біз үшін әлеуетімізді ісе асыруға тамаша мүмкіндік екенін түсіндік. Байқауға қатысуға біз баяғыда дайындала бастадық, сонау оқу кезінде, бейнематериалдар жинадық.
Біз жобамызға үлкен сенім арттық, бірақ шорт-парақта боламыз ба, жоқ па, оны болжап білу қиын болды. Басқа қатысушыларды бақыладық, жеңіс үшін күрестің қиын болатынын түсіндік. Өз бейнеролигімізді жүктегенде, достарымыз үлкен қолдау көрсетіп, бізге сенімін білдіріп жатты. Сол кезде оның біздің қолымыздан келетіндігіне көзіміз жетті. Шорт-парақты көргенде, тізімге ілінгенімізге өте қатты қуандық. Содан кейін әңгімелесу болды. Қатты уайымдадық, бірақ бәрі жақсы өтті, өйткені бізбен сұқбаттасқан кісілердің тура біздің саламызда мықты құзыреттілігі бар екен. Байқауға қатысқандығымыз жобаны дамытуға үлкен септігін тигізді және біз үшін құнды тәжірибе болды.
Грантты алатын кезде, біз өнімімізді біртіндеп енгізе бастаған едік. Сонымен бірге оны үнемі жетілдіріп отырдық.

Грантты пайдалану туралы
Қаржылай қолдау тапқанымызда, бізге қанат біткендей болды. Өзіміді тау қопаратындай мықты сезіндік, енді бәрі өзіміге байланысты болды. Қазақстанның жағдайында грант беру - зор көмек. Біз үшін ол жеткілікті болды.
Біз грант қаражатын бірден жұмсамадық. Бірден қымбат жабдық сатып алмадық. Өндірісті бастау үшін бізге корпустарды жақсылап құрастырып бере алатын серіктестер іздей бастадық.
Бизнес-жоспарға біз алғашқы бес аппаратты әлеуметтік нысандарға ақысыз жеткізгіміз келетіндігін жаздық. Осылайша, суды қажет еткен жерлерді сумен қамтамасыз етсек, біз үшін бұл белгілі бір сынамалы жоба болар еді.
Бес аппарат құрастырып, қажетті толымдауыштар сатып алдық, кеңсені ұйымдастырдық. Кеңседе аппараттарды құрастыра бастадық. Қазір аппараттар дайын, құрастырылып қойған, бірақ оқу мекемелерімен сөйлесе келе, аппараттар демалыс кезінде босқа тұрмас үшін біз оларды орнатуды тамыз айына шегеруді жөн көрдік.
Жұртшылық біздің жобамызбен таныс болуы үшін аппараттарды әзірше жарнама ретінде түрлі іс-шараларға уақытша қоямыз деп шештік. Мысалы, біз аппараттарымызды Алматыда өткен инновациялық форумға қойып көрдік. Ол оң нәтиже берді, сол күні 1000-ға жуық адам біздің аппараттарымызды пайдаланды. Аппарат болаттан жасалғандығына қарамастан (салмағы шамамен 35 кг) жылжымалы болып табылады.
Сонымен қатар бізге қолайлы бағаға жақсы сападағы болат корпустарын жасап бере алатын мердігерлер таптық. Бізге толымдаушыларды жеткізетін жергілікті және шетелдік серіктестер таптық. Меншікті бизнес-үдерістерімізді реттедік.

Алғашқы клиенттеріміз туралы
Біз құрастыру цехын аштық. Толыққанды өндірісті бастау үшін жеткізушілермен әлі де жұмысты дұрыстаудамыз. ?зірге аппараттардың шамалы бөлігін кеңсемізде шығарып жатырмыз. Біздің аппараттарымызды сатып алушыларға пул жасап жатырмыз. Бірнеше оқу орнынан, фитнес орталықтары мен кеңсе үй-жайларынан 20 данаға тапсырыс алдық.
Аппараттарымызды Алматының саябақтарына да, жаяу жүргіншілер жүретін көшелерге де орнатқымыз келеді. Сонымен қатар, білім береу мекемелерімен, мектептермен және колледждермен мұқият жұмыс істейтін боламыз. Аппараттарымызды жоғары оқу орындарына орнату үшін құжаттама дайындап жатырмыз. Үлкен ұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізудеміз, оларға да біздің жоба, әсіресе оның әлеуметтік жағы қызықты болып көрінеді. Жобамыздың мақсатты аудиториясы кәдімгідей кең, бірақ біз заңгерлік рәсімдерді шешу оңай болған компаниялармен ақырындап жұмыс істеуге тырысып бағудамыз. Алғашқы тұрақты аппараттарды, бұйыртса, осы күзде орнатамыз, ал содан кейін жаппай өндірісті бастаймыз.

Пайда туралы
Суды тұтынушылардың түрлі санаттары үшін таныстырылымдар дайындадық. Бізде аппараттарымыздың пайдалану тиімділігін, үнемділігі мен экологиялығын көрсететін есептер бар. Мысалы, 200-ден аса адам тұрақты жұмыс істейтін ұйымды алсақ. Ондай ұйымның ай сайынғы үнемділігі шамамен 50 000 теңгені құрайды. Бір жыл пайдаланғанда кәдімгідей сома, жарты миллион теңгедей жиналып қалады.
Біз аппараттарды сатамыз деп ойладық, бірақ өнімді түрлі ұйымдармен талқылау барысында олардың көпшілігіне оны қызмет ретінде алған қолайлы екендігін түсіндік. Яғни аппаратымызды ақысыз орнатып, ай сайын қандай да бір тиянақталған абоненттік төлем ғана аламыз. Бұл компанияларға қандай да бір капиталдық шығындарсыз мүмкіндік береді, олар шағын ай сайынғы төлемдермен таза ауыз суына лимитсіз дерлік қолжетімділікке ие болады. Аппараттарға толық сервистік қызмет көрсетуді біз өзіміздің мойнымызға аламыз.
Алғашқы аппараттың электронды болғанын жоғарыда айтып кеттім. Біз осы жүйені жетілдіріп жатырмыз, тұтынылған су көлемі мен сүзгілердің ресурсы қандай екенін көрсететін кіріктірілген есептеуіштер орнатылатын болады – бұл аппараттарымызға қызмет көрсетуді едәуір жеңілдетеді.

Алғашқы AquaPoint аппараттарын қайдан алуға болатындығы туралы
Бізде жабық үй-жайларда пайдалануға арналған аппараттар бар. Жуырда қаланың көшелерінде пайдалануға арналған үлгілер де болады. Аппараттарымыздың ағынды өндірісін енді ғана бастадық деп айтуға болады. Өндірісті іске қостық, жаңа аппараттарымыз дайындалып жатыр, күзде алғашқы клиенттерге орнатылатын болады.
Айтпақшы, Алматының Ақжар кентінде «Сәби» қоры ашқан мектепке біз екі ішетін су бұрқағын қоямыз. Олар орнатуға дайын.

05.09.2017
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар