Шектеусіз спорт

 

«Сәби» қоры өзінің спорттық бағдарлама аясында өз қызметін ары қарай жалғастыруда.

Ақтөбе қаласының «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығы үшін қор «Техноджим» атты көп функционалды екі жаттығу қондырғысын сыйға тартты. Құрылғылар арқадағы ауырсынуды емдеу және алдын алу үшін өте ыңғайлы, аяқтың артқы бұлшықеттерін жұмсартып және біртіндеп ширатады. Ерекше Selflex жүйесі жаттығуларда адамның салмағын дәйекті пайдалану арқылы созылуды басқарады. Бұл кейіннен микрозақымдауларды болдырмайды. Тренажерларда барлық нәтижелерін өлшеуге және оларды сандық коэффициент түрінде көрсетуге мүмкіндік беретін визуалды кері байланыс жүйесі бар.

Тағы да бір спорттық сыйлық  Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан адамдарды қорғау қоғамына бұйырды. Мекемеге мүгедектер үшін арнайы әзірленген «HomeGym» әмбебап жаттығу кешені ұсынылды. Құрылғы кардио және қуат жүктемелерін қосудың бірегей қабілеттілігін, жамбас буындарын дамытуға және қол мен аяқтардың қозғалтқыш функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі.

Біз бенефициарларымызға белсенді спортты тұрақты және сүйікті тәжірибесіне айналдыруға шын жүректен тілейміз.

31.10.2018
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер