«Сәби» қоры Алматы қаласының №2 қалалық балалар ауруханасында хирургия бөлімін ашты

Әсел Тасмағамбетова Алматыда балалар хирургиясының ашылуы туралы: 

«Сәби» Қорының қызметінің алғашқы күндерінен бастап Медициналық жобаның орны ерекше болды. 17 жыл бойы біз бұл бағытта көп жұмыс атқардық: Қор көптеген емханаларда ота жасау, медициналық және оңалту бөлмерін жөндеуден өткізіп, қажетті қондырғылармен жабдықтаған; ауруханаларға, емханаларға, ғылыми-зерттеу институттарына медициналық жабдықтарды, құрал-саймандарды, тұтыну материалдарын, арнайы жиһаздарды сыйға тартты;  емдеу және ауруды алдын алу мекемелерінде кішкентай пациенттердің емделуін жеңілдету үшін ойын бөлмелері орналастырды; шет елде емделген балалардың төлемақысы өтелген».

Медициналық саланы дамытудың негізгі көрсеткіші – жоғары сапалы жедел жәрдем хирургиясының болуы деп есептейміз. Алматы қаласы қарқынды өсіп, дамып келеді, оған жаңа аудандар қосылуда, қаланың халқы 2 миллион адамға жетіп қалды. Медициналық мекемелер қызмет көрсететін балалар саны да қарыштап артуда. Тек өткен жылы Алматыдағы ауруханаларында тәуліктік стационарда 70 мыңға жуық бала емделді. Олардың 45 мыңнан астамы жедел түрде ауруханаларға жеткізілді. Қаланың хирургтері 2018 жылы 109 мың түрлі ота жасады, олардың жартысы – төтенше жағдайлар.

Қаладағы жалғыз жедел балалар хирургиясы өсіп кеткен науқас балалар ағынымен үлкен қиындықпен күресетіні түсінікті. Жағдайды бағалап, мәселенің бүкіл күрделілігін ескере отырып, «Сәби» қорының бастамасымен және Алматы қаласындағы үздік хирургтардың бірі, медицина ғылымдарының докторы және тәжірибелі дәрігер Ермек Әбуұлы Аязбековпен бірге №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының негізінде жаңа хирургияны іске қосу туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі күні біз ең жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін жедел хирургиялық қызмет ұйымдастырғанымызды сенімді түрде айта аламыз. Мұнда шағынинвазивті оталар жасауға мүмкіндік беретін заманауи лапароскопиялық жабдық орнатылды, ол сол мақсатта ашық оталарға қолданылатындардан гөрі ағзаға азырақ әсер етуді қамтамасыз етеді.

Бактериялық сипаттағы ластануға жол бермеу және стерильді тазалықты сақтау үшін ламинарлы ауа ағынын тарату жүйесі орнатылды. Хирургиялық жабдықтар медициналық техниканың барлық заманауи талаптарына сай келеді.

Хирургияның жабдылуы медициналық жабдыққа қойылатын барлық заманауи талаптарға сай келеді. Осылайша, жаңа жоғары технологиялық оталық блок біздің көп миллионды қаламыздағы кішкентай емделушілерге қажет уақытылы және жоғары сапалы хирургиялық көмекті қамтамасыз етеді.

Бірақ біздің жұмысымыз осымыз аяқталмайды - біз бір реттік көмекпен ешқашан шектемейміз. «Сәби» қорының барлық жобаларында жүйелі тәсілдеме қолданамыз, біз қамқорлыққа алынған ұйымдар мүмкіндігінше өз бетімен жұмыс жасауға қабілетті болғанша оларды қадағалап, көмектесеміз. Сондай жұмысты біз №2 балалар ауруханасында да жүргізуге бағытталдық. Қор ауруханамен мүмкіндігінше көп жұмыс істеуге және жедел хирургиялық қызметтерді тек Алматыда ғана емес, сонымен қатар басқа өңірлерде құру үдерісіне қатысуға ниетті. Біз хирургтарға арналған көптеген тренингтер мен оқу курстарын өткізуді жоспарлап отырмыз, оның ішінде біздің қаламыздағы медициналық мекемелерге жаңа хирургтер дайындайтын профессор Ермек Әбуұлының қолдауымен.

Біз бәрінің қолымыздан келетініне сенімдіміз!

 

25.04.2019
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба
27.12.2023
Қазақстан дәрігерлеріне…

«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…

Медициналық жоба
14.11.2023
Saby & Bvlgari қайырымдылық кеші…

«Сәби» Қоры өзінің ауқымды қаражат жинау шараларын өткізу тарихын 2008 жылдан бастап жүргізуде. Осы жылдар бойы Қор…

Медициналық жоба