Уақытылы келген көмек

Ұзақ жылдар бойы «Сәби» Қоры Базолевтер жанұясының хал-жағдайымен сұрап біліп жүреді. Біз бірнеше жыл бұрын С. Бегалин атындағы қалалық кітапханада өткізілген салтанатты шарада жас баланы мүгедектерге арналған арбамен әкелген әжені көріп, жақынырақ келіп олармен таныстық.

Сол кезден кейін Никита өсті, бірақ ауыр церебральді сал ауруына шалдыққан бала аяғымен нық тура алмады, барлық салмақты өзіне тартқан әжесі бүгінгі күнде әбден қажып кетті. Екі адамнан тұратын бұл кішкентай ғана жанұя кедейліктін күйін кешіп жүргенмен, үйдің иесі ешкімге өз мұңын айтпай, бар күшін салып күнделікті күйбең-тірлігін жасап, қозғалу мүмкіндігі жоқ жас баланы бағып күтіп отыр. Сырттан еш көмек күтпей жүрген бұл адамдар өз рухтарын түсірмей, мардымсыз болса да өз зейнетақыларын қанағат тұтып жүр.

Осындай қиын жағдайда болған бұл жанұяның ауыр жағдайын сәл жеңілдету ойымен, біз әрқашанда оларға көмек жасауға дайын тұрамыз, көп уақыт сақтауға болатын, жармалар, қант, ұн, кеспе, май,чай және тағы басқа азық-түліктің қорын сатып алып қойдық. Сонымен қатар дәрі-дірмек және басқа да керекті заттарды алуға қажетті сома бөлінді. Осындай шаралар әжесімен немересіне біраз уақыт бойы өткір мұқтаждықды сезбеуге мүмкіндік береді.

Үлкен кісінің көзіне келген шынайы жасын білдіртпей сүрткенін байқағанда, біз үшін ол мың алғыс сөзден артық көрінді.

13.07.2012
28.12.2023
Атаулы көмек туралы есеп 2023

Сіздерге «Сәби» қорының 2023 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. Осы жылы Қорға компаниялар мен жеке…

Арнаулы көмек
22.06.2023
Балаларға атаулы көмек

Біздің Қорға күн сайын қамқор адамдардан ақшалай сомалар келіп түседі. Кейін мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету үшін біз…

Арнаулы көмек
13.12.2023
Балаларға атаулы көмек

Біздің Қорға күн сайын қамқор адамдардан ақшалай сомалар келіп түседі. Кейін мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету үшін біз…

Арнаулы көмек